«Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 111500, Қостанай облысы, Рудный қ., 50 лет Октября көшесі, 38, Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Қызметтің негізгі нысаны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

    Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және сабақ беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

    2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда не басқа мемлекеттік органдарда және (немесе) ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы.

    Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

    1) жиырма бес жасқа толмаған, сондай-ақ зейнеткерлік жастағы;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға қағаз және электрондық жеткізгіште мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) Конкурс қатысушысының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 өлшеміндегі түсті фотосуреті бар конкурс қатысушысының қызметтік тізімі;

    4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері:

    - Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білімі туралы құжаттарды, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін құжаттарды қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    - өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    5) жұмыс орны (қолданыстағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген, денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);

    7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды, өзінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады.

    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжай бойынша орналасқан «Рудный индустриялық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет: Рудный қ., 50 лет Октября көшесі 38, каб 227; тел.:87773758811, e-mail: [email protected].

    Жүктеу
    ff8dd4ca39bf52056b865addc95ab06e_original.19047.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу
    6a5b44686e59ccaf482f93440000d04a_original.13870.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу
    c36583c2d223d345d5d6def68be34a5d_original.19036.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саяса...

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі прор...

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфра...

    Хабарландыру

    «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы анықтама

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажетзаңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік мәселелер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық...

    Ақпарат

    Ғылым саласындағы статистика

    2022 жылмен салыстырғанда елдегі ғалымдар саны шамамен 6 мың адамға артып, 28 374 адамға жетті. Жас зерттеушілердің үлесі 48%-ды құрайды, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға өсті, 792 жас ғалым тұрғын үймен қ...