«Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Мекенжайы: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1-ғимарат.

    Негізгі қызмет түрі – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы; тиісті салалардағы білім беру ұйымдарында және (немесе) уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

    Байқауға келесі тұлғалар жіберілмейді:

    1. Жасы жиырма беске толмаған;

    2. Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;

    3. Соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

    4. Арнайы медициналық мекемелерде есепте тұрған;

    5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысу үшін үміткер келесі құжаттарды тапсырады:

    1. Белгіленген үлгідегі өтініш;

    2. Конкурқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3. 3х4 үлгідегі түрлі түсті сүретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4. Жоғары оқу орнының даму бағдарламасы;

    5. Білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларын салыстырып тексеру үшін көшірмелеріне қоса түпнұсқаларын ұсыну:

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострофикациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    - өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясында жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    6. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    7. Құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген № 075/у (бұрынғы 086/у) нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

    8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама

    9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама

    10. Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат

    Құжаттарды қабылдау конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурстың өтетін күні мен орны қосымша хабарланады.

    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің Корпоративтік хатшысына мына мекенжай бойынша тапсыру қажет: Атырау қаласы, Студенттер даңғылы, 1 ғимарат, 4 корпус 217 кабинет, телефон: 8 (7122)27-63-05, 87015633888. Элек.пошта: [email protected].

    Жүктеу
    d83be853fdb0155c8ed11e1654c20193_original.22202.docx
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу
    6f631659af39281fe68dd098911fe824_original.15642.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу
    2945ce4af7acefe8bf49d93a4437b283_original.23283.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Аудармашы» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 421 бұйрығы

    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 420 бұйрығы

    Ақпарат

    Реттелген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)

    Салалық терминологияны жүйелеу мақсатында 2025 жылы Республикалық терминологиялық комиссияның 6 отырысы өткізілді. 2025 жылы ретке келтірілген терминологиялық қордың үлесі 20%-ды құрады.

    Ақпарат

    «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру

    «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткендердің жалпы саны 35 445 адамды құрады. Оның ішінде 20 мың адам диагностикалық тестілеуден өтті.

    Ақпарат

    Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша жүргізілген социологиялық және талдамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 82%-ды құрады.

    Ақпарат

    Жалпы ішкі өнімнен ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындарының үлесі

    ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (219,6 млрд. теңге) 19 %-ға артық. Іргелі зерттеулерге жұмсалған ішк...

    Ақпарат

    ҒЗТКЖ шығындарының жалпы көлемінен кәсіпкерлік сектор шығыстарының үлесі

    ҰСБ деректеріне сәйкес, 2025 жылы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, кәсіпкерлік сектордың 2025 жылғы шығындары – 66 019,2 млн. тең...