ҰСБ деректеріне сәйкес, 2025 жылы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, кәсіпкерлік сектордың 2025 жылғы шығындары – 66 019,2 млн. теңге болды, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (60 857,5 млн. теңге) 8 %-ға артық. Мемлекеттік сектордың шығындары – 72 376,1 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (60 960,2 млн. теңге) 16 %-ға артық. Сонымен қатар, ҒЗТКЖ шығындарының ең үлкен өсімі жоғары кәсіби білім беру секторында байқалады – 120 199,0 млн. теңге, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (95 156,3 млн теңге) 21 %-ға артық.
Жалпы алғанда, соңғы жылдары жоғары және кәсіби білім беру секторы мен мемлекеттік сектор есебінен ҒЗТКЖ шығындарының айтарлықтай өсімі байқалады, бұл кәсіпкерлік сектор шығындарының үлесіне теріс әсер етті.
Индикаторды есептеу әдістемесіне сәйкес, 2025 жылы кәсіпкерлік сектор шығындарының ҒЗТКЖ-ға жұмсалған жалпы шығындар көлеміндегі үлесі – 25,2 %-ды құрады. Жоспарлы мән ішінара орындалды.