ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (219,6 млрд. теңге) 19 %-ға артық.
Іргелі зерттеулерге жұмсалған ішкі шығындар 76,8 млрд. теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 26 %-ға өсті. 2025 жылы іргелі зерттеулерге республикалық бюджет есебінен жұмсалған ішкі шығындар 28 %-ға өсіп, 71,1 млрд. теңгені құрады.
ҒЗТКЖ-ға жұмсалған ішкі шығындар 1 маман-зерттеушіге шаққанда 10,8 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (9,49 млн. теңге) 13,7%-ға артық.
БНС сайтында 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы соңғы пайдалану әдісімен есептелген ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемі – 155 236 223,7 млн. теңге болып жарияланды.
Индикаторды есептеу әдістемесіне сәйкес, ҒЗТКЖ-ға жұмсалған шығындардың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 0,16 %-ды құрайды.