«Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор қызметінің негізгі мәні Университеттің цифрландыру, ақпараттық-технологиялық даму, инфрақұрылымдық қамтамасыз ету, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, материалдық-техникалық ресурстарды басқару салаларындағы қызметіне басшылық жасауды және оны үйлестіруді, сондай-ақ Университеттің цифрлық және физикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

    Қызметінің мақсаты білім беру, ғылыми, басқарушылық және әкімшілік-шаруашылық процестердің сапалы іске асырылуын қамтамасыз ететін, сондай-ақ Университет қызметінің ашықтығын, басқарылуын және нәтижелілігін арттыруға бағытталған заманауи, қауіпсіз әрі тиімді цифрлық және инфрақұрылымдық ортаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    - ақпараттық технологиялар, техникалық немесе инженерлік білім, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент не аралас салалар мамандығы бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы. IT-менеджмент, цифрлық трансформация, жобаларды басқару немесе жылжымайтын мүлік (активтер) саласындағы қосымша сертификаттардың болуы артықшылық болып табылады;

    - басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 5 (бес) жыл;

    - IT-бағытты басқарудың немесе цифрландыру жобаларын іске асырудың, оның ішінде мемлекеттік органдарда немесе білім беру ұйымдарында, расталған тәжірибесінің болуы;

    - бюджеттеуді, объектілерді пайдалануды немесе активтерді басқаруды қоса алғанда, әкімшілік-шаруашылық басқару тәжірибесінің болуы;

    - жоғары білім беру жүйесіндегі немесе мемлекеттік сектордағы жұмыс тәжірибесі елеулі артықшылық ретінде қарастырылады;

    - жасанды интеллект технологияларымен және процестерді автоматтандырумен жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады;

    - ұйымдарды цифрлық трансформациялаудың заманауи тәсілдері мен әдіснамаларын білу;

    - ақпараттық жүйелердің архитектурасын, электрондық құжат айналымы платформаларын және LMS жүйесін білу;

    - жасанды интеллект технологияларын және әкімшілік процестерді автоматтандыруды білу;

    - Қазақстан Республикасының ақпараттандыру, дербес деректерді қорғау және мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасын білу;

    - жылжымайтын мүлікті басқару және ғимараттарды техникалық пайдалану негіздерін білу;

    - қаржылық менеджмент және бюджеттік жоспарлау негіздерін білу;

    - өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік талаптарды білу.

    Конкурсқа талаптарға сәйкес келетін барлық ниет білдірушілер, оның ішінде шетел азаматтары қатыса алады.

    Конкурсқа қатысуға мынадай тұлғалар жіберілмейді:

    1. жиырма бес жасқа толмаған;

    2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    3. өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар;

    4. арнаулы медициналық мекемелерде есепте тұрған;

    5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысу үшін Корпоративтік хатшыға қағаз және электрондық жеткізгіштерде мынадай құжаттар ұсынылады:

    1) өтініш;

    2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) 3x4 көлеміндегі түрлі түсті фотосуреті бар Конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері:

    - Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, бұған халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегерлері – Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын білімі туралы құжаттар кірмейді;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;

    - өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылуына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    5) жұмыс істейтін не соңғы жұмыс орнының кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан алынған анықтама;

    7) құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан алынған анықтама;

    8) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымды атқаруға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат. Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілгені туралы құжаттардың көшірмелерін, мінездемелерді, ұсынымдарды, ғылыми жарияланымдарды және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтерді) ұсына алады.

    Әңгімелесудің күні, уақыты, орны және форматы әңгімелесуге жіберілген кандидаттарға қосымша хабарланады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі. Құжаттар белгіленген мерзімдерде мына мекенжай бойынша ұсынылуы қажет: Тараз қ., Қаныш Сәтбаев көшесі, 28, бас корпус, 213-каб. Тел.: +7 778 169 06 26, +7 707 171 32 47.

    Жүктеу
    ef830a5875ca05c23ff3cd8666278174_original.23346.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу
    ff7ccf562f990b8a4d04b6101bb6a5b3_original.13654.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу
    1c7e3d9ad5e14ede2691a2493562699e_original.18509.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Аудармашы» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 421 бұйрығы

    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 420 бұйрығы

    Ақпарат

    Реттелген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)

    Салалық терминологияны жүйелеу мақсатында 2025 жылы Республикалық терминологиялық комиссияның 6 отырысы өткізілді. 2025 жылы ретке келтірілген терминологиялық қордың үлесі 20%-ды құрады.

    Ақпарат

    «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру

    «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткендердің жалпы саны 35 445 адамды құрады. Оның ішінде 20 мың адам диагностикалық тестілеуден өтті.

    Ақпарат

    Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша жүргізілген социологиялық және талдамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 82%-ды құрады.

    Ақпарат

    Жалпы ішкі өнімнен ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындарының үлесі

    ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (219,6 млрд. теңге) 19 %-ға артық. Іргелі зерттеулерге жұмсалған ішк...

    Ақпарат

    ҒЗТКЖ шығындарының жалпы көлемінен кәсіпкерлік сектор шығыстарының үлесі

    ҰСБ деректеріне сәйкес, 2025 жылы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, кәсіпкерлік сектордың 2025 жылғы шығындары – 66 019,2 млн. тең...