«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды, орналасқан мекенжайы: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55

    Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін көрсету болып табылады.

    Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    1) ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор, іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесінің болуы, ғылыми атағының бар болуы (болғаны жөн);

    2) кәсіби тәжірибесі кемінде 10 жыл, оның ішінде білім және ғылым саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл;

    3) білім беру және ғылыми-инновациялық қызметті ұйымдастыруды, ұйымдастырушылық менеджмент қағидаттарын, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік саясатты білуі;

    4) стратегиялық жоспарлау, бизнес-процестерді цифрландыру, фандрайзинг және инвестициялар тарту дағдыларының болуы;

    5) көшбасшылық, креативтілік, жаңашылдық, сыни тұрғыдан ойлау, құқық бұзушылыққа төзбеушілік;

    6) қазақ тілін (Қазтестің В1 деңгейінен төмен емес сертификатының болуы) және орыс тілін және (немесе) ағылшын тілін (құпталады) меңгеру;

    7) ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент және (немесе) корпоративтік басқару саласында біліктілікті арттыру сертификаттарының болуы.

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру сертификаттары (куәліктері) болуы құпталады.

    Конкурсқа келесі тұлғалар қатыса алмайды:

    1) жиырма бес жасқа толмаған;

    2) бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзған;

    3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

    1) белгіленген нысандағы өтініш;

    2) Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) белгіленген үлгідегі 3х4 түрлі-түсті фотосуретімен қоса конкурсқа қатысушының қызмет тізімі;

    4) мазмұнында келесі мәселелер қамтылған жоғары оқу орнының даму бағдарламасын ұсынады:

    – университеттің 5 жылға арналған негізгі даму бағыттары бойынша миссиясы, пайымы, университеттің бекітілген құжаттарына сәйкес және мемлекеттік мүдделер мен міндеттері ескерілген (ұлттық және өңірлік жобалар, тұжырымдамалар, Мемлекет басшысының тапсырмалары) университет құндылықтары мен даму перспективалары;

    – университеттің бекітілген құжаттарын іске асыру бойынша ағымдағы жағдайды талдау (дамудың екі-үш басым бағытын (мақсаттарын) және олар бойынша индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді көрсету);

    - университеттің алдында тұрған және (немесе) алдағы уақытта туындауы мүмкін негізгі сын-қатерлер, сондай-ақ оларды шешу жөніндегі ұсыныстар (өткен кезеңдегі стратегияны іске асыруды талдау, проблемалар, қабылданған шешімдердің сабақтастығы).

    - конкурсқа қатысушы ұсынған университеттің даму бағдарламасын іске асырудан күтілетін нәтижелер мен жетістіктер.

    Университеттің даму бағдарламасы Power Point форматында көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде рәсімделуі керек.

    5) білімі туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшірмелері салыстыру үшін түпнұсқаларымен қоса ұсынылады:

    - ғылым кандидаты немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесі туралы, философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша докторы, іскерлік әкімшілендіру докторы (DBA) дәрежесі туралы құжаттардың көшірмелері;

    - ғылыми атақ туралы аттестаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

    - шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары пен зертханалары «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына енетіндерді қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса ұсынылады;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса ұсынылады;

    - өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса ұсынылады;

    6) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    7) B1 деңгейінен төмен емес Қазтест сертификатының және ғылым және жоғары білім саласындағы менеджмент пен (немесе) корпоративтік басқару бойынша біліктілікті арттыру сертификатының көшірмелері;

    8) университет қызметінің негізгі бағыттары бойынша біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың (куәліктердің) көшірмелері (бар болған жағдайда);

    9) № 075у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-кеңестік қорытынды);

    10) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    11) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

    12) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат.

    Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурс өтетін күн мен орны қосымша хабарланады.

    Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне жеткізу қажет. Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, Министрлiктер үйі, 11-кіреберіс (643-каб.), телефон: 8 (7172) 74-24-26, 74-20-38, 74-19-16, 74-27-25.

    Жүктеу
    4f08d864030ba80b291cdfc12adfbf45_original.18255.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу
    9328f3b87d72c962b80ada6de6fbb32a_original.13753.docx
    DOCX · 13 КБ
    Жүктеу
    b7a113a106b094d3a71e3dc0b7b4733a_original.19609.docx
    DOCX · 19 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саяса...

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі прор...

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфра...

    Хабарландыру

    «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 111500, Қостанай облысы, Рудный қ., 50 лет Октября көшесі, 38, Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәсел...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы анықтама

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажетзаңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік мәселелер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық...

    Ақпарат

    Ғылым саласындағы статистика

    2022 жылмен салыстырғанда елдегі ғалымдар саны шамамен 6 мың адамға артып, 28 374 адамға жетті. Жас зерттеушілердің үлесі 48%-ды құрайды, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға өсті, 792 жас ғалым тұрғын үймен қ...