«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік мәселелер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамыныңБасқарма мүшесі –Әлеуметтік даму және студенттік мәселелер жөніндегі проректорбос лауазымына конкурс жариялайды.

    Қызметінің негізгі мәні Университеттің әлеуметтік даму, жастар саясаты, тәрбие жұмысы, білім алушыларды әлеуметтік қолдау, студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту, оқудан тыс қызметті ұйымдастыру, қолайлы әлеуметтік ортаны қамтамасыз ету салаларындағы саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ Университеттің дамуындағы стратегиялық басымдықтар мен міндеттерге сәйкес жетекшілік ететін бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру болып табылады.

    Қызметінің мақсаты білім алушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды, тәрбие және әлеуметтік жұмыстың сапасын арттыруды, студенттік өзін-өзі басқару мен оқудан тыс қызметті дамытуды, қауіпсіз, инклюзивті және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруды, сондай-ақ Университеттің стратегиялық мақсаттары мен даму міндеттеріне сәйкес білім алушыларды әлеуметтік қолдау деңгейін арттыруды қамтамасыз ету болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің болуы;

    - білім беру мекемелерінде және (немесе) тиісті салалардың уәкілетті органдарында басшы қызметтерде кемінде 3 жыл еңбек өтілі болуы.

    Конкурсқа мынадай тұлғалар қатыса алмайды:

    1) жиырма бес жасқа толмаған;

    2) бұрын сыбайлыс жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;

    3) белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар төмендегі құжаттарды электронды және қағаз түрінде ұсынады (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде):

    1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда өтініш;

    2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) 2-қосымшаға сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен белгіленген нысандағы конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері, салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсыну арқылы:

    - Қазақстан Республикасының азаматтары - «Болашақ» халықаралық стипендия иегерлеріне шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және зертханалармен берілген, сонымен қатар өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарымен шетелдік білім беру мекемелерінен алынған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген білім туралы осы құжаттарды нострификациялау немесе мойындау туралы куәліктердің көшірмесі қоса тіркеледі;

    - «Болашақ» халықаралық стипендиясының игерлерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамымен берілген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуын аяқтағаны туралы анықтаманың көшірмесі қоса тіркеледі;

    - өзара мойындау және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті органмен берілген осы білім беру құжаттарын мойындау туралы анықтаманың көшірмелері қоса тіркеледі.

    5) жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) № 075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

    7) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген Наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Байқаудың өтетін күні мен орны қосымша хабарланатын болады.

    Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142/1 (каб.306) мекен-жайы бойынша тапсыру қажет, телефоны: 8 (702)-266-17-46, e-mail: [email protected].

    Жүктеу
    28a19ae2c5ce895f110388dd434a7185_original.18754.docx
    DOCX · 18 КБ
    Жүктеу
    f52d9bb603d93baa6ebbfbd19d8fce53_original.15327.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу
    3cca76fbd1049542c1f119180b8a04d1_original.20321.docx
    DOCX · 20 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бұйрық

    «Аудармашы» кәсіптік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 5 ақпандағы № 35 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі м.а. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 421 бұйрығы

    Есеп

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы есеп

    Мемлекеттік сатып алу жоспары

    «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2026 жылға арналған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі аппараты басшысының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 599 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР ҒЖБМ аппараты басшысының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 420 бұйрығы

    Ақпарат

    Реттелген терминологиялық қордың үлесі (өсу қорытындысымен)

    Салалық терминологияны жүйелеу мақсатында 2025 жылы Республикалық терминологиялық комиссияның 6 отырысы өткізілді. 2025 жылы ретке келтірілген терминологиялық қордың үлесі 20%-ды құрады.

    Ақпарат

    «ҚАЗТЕСТ» бағдарламасы негізінде тілді білу деңгейін бақылау жүйесін ұйымдастыру

    «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша тестілеуден өткендердің жалпы саны 35 445 адамды құрады. Оның ішінде 20 мың адам диагностикалық тестілеуден өтті.

    Ақпарат

    Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі

    Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша жүргізілген социологиялық және талдамалық зерттеулердің қорытындысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 82%-ды құрады.

    Ақпарат

    Жалпы ішкі өнімнен ҒЗТКЖ-ға ішкі шығындарының үлесі

    ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (219,6 млрд. теңге) 19 %-ға артық. Іргелі зерттеулерге жұмсалған ішк...

    Ақпарат

    ҒЗТКЖ шығындарының жалпы көлемінен кәсіпкерлік сектор шығыстарының үлесі

    ҰСБ деректеріне сәйкес, 2025 жылы ҒЗТКЖ-ға (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға) жұмсалған ішкі шығындар 261 491,7 млн. теңгені құрады, кәсіпкерлік сектордың 2025 жылғы шығындары – 66 019,2 млн. тең...