Алматыда автокөліктерді эвакуациялау және айыппұл тұрағында сақтау тәртібін өзгерту жоспарлануда

    Алматы қаласының әкімдігі

    Алматыда әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау және мамандандырылған айыппұл тұрақтарының қызметін реттеудің жаңа тәсілдері қарастырылуда. Ұсынылып отырған шаралар рәсімдердің ашықтығын арттыруға, мамандандырылған тұрақтардың жұмысын бірыңғай жүйеге келтіруге және көлік құралдарын эвакуациялау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.

    Өзгерістердің негізгі мақсаттарының бірі – жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру. Осы мақсатта ұсталған көлік құралдарын эвакуациялау мен сақтау бойынша бірыңғай тәртіп енгізу, сондай-ақ аталған қызметтерге экономикалық тұрғыдан негізделген тарифтер белгілеу ұсынылады.

    Қазіргі уақытта көлік құралын эвакуациялау тарифін 6 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде белгілеу мәселесі қарастырылуда. Айыппұл тұрақтарында сақтау құны көлік құралының санатына қарай айқындалады: мотоциклдер мен екі доңғалақты көліктер үшін 1 АЕК-тен бастап, салмағы 12 тоннадан асатын ірі габаритті көлік құралдары үшін алғашқы тәулікке 4,5 АЕК-ке дейін белгілеу ұсынылады. Бұл ретте көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылған күн үшін төлем алынбайды.

    Сондай-ақ эвакуация қызметі үшін төлемнен босатылатын жағдайлар да қарастырылған. Атап айтқанда, төтенше жағдайлар кезінде немесе көлік құралы айыппұл тұрағына жеткізілмей басқа орынға ғана жылжытылған жағдайда эвакуация үшін ақы алынбайды.

    Күтіліп отырған өзгерістер жол қозғалысы ережелерінің тоқтау және тұраққа қою талаптарын бұзу жағдайларын азайтуға, жүргізушілер тәртібін арттыруға, көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге, эвакуациялау және сақтау қызметтерін көрсетудің бірыңғай стандарттарын қалыптастыруға, сондай-ақ жүйені азаматтар үшін анағұрлым түсінікті әрі қолайлы етуге мүмкіндік береді. https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15845429

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Түрксіб ауданында халықпен есептік кездесу ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. СатыбалдыныңТүрксіб ауданында халықпен есептік кездесуХАТТАМАСЫ Алматы қаласы №______ 2026 жылғы 13 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша М.Г. Кулакованы қабылд...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ Алматықаласы№______ 2026 жылғы 16 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша Р.А.Маймакованы қа...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Жетісу ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Жетісу ауданы халқымен есептік кездесуініңХАТТАМАСЫ Алматы қаласы №______ 2026 жылғы 11 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша Т.Г. Азнабакиевті қаб...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

    Алматы қаласында сайлау алдындағыүгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігіҚАУЛЫ Е...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихаты «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын х...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасын талқылау жөніндегі баспасөз хабарламасы

    «Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/35...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар ен...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баяндама

    Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мандибаевтың баяндамасының тезистері

    «Almaty Business – 2030» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Құрметті Мейіржан Батырбекұлы, әріптестер! Слайд 1-2. «Almaty Business – 2030» бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан а...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды: