«Almaty Business – 2030» өңірлік кәсіпкерлікті
дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі
бойынша
Құрметті Мейіржан Батырбекұлы, әріптестер!
Слайд 1-2.
«Almaty Business – 2030» бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан айында бекітіліп, қаладағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға бағытталған.
Бағдарламаның операторлары ретінде Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы және оның еншілес ұйымдары – Almaty Finance пен «Almaty» микроқаржы ұйымы айқындалған.
Слайд 3.
Ұсынылып отырған шешіммен Бағдарламаның қолданыстағы редакциясына өзгерістер енгізу ұсынылады.
Аталған өзгерістердің басты алғышарты – бекітілген редакция кәсіпкерлердің қаржылық қолдау шараларына қолжетімділігін едәуір шектегені болып табылады. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау және спорт салалары қаржыландыру бағыттарының қатарынан алынып тасталды. Сонымен қатар, басым салалардың көпшілігі бойынша қаржыландыру тек шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттеріне ғана қолжетімді болды. Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтандыру және уақытша тұру қызметтері салаларындағы жобаларды қаржыландыруға шектеулер енгізілді.
Нәтижесінде, ағымдағы жылдың басынан бері Бағдарлама аясында операторлар жалпы сомасы 184млн теңгені құрайтын небәрі 3жобаны қаржыландырды. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 20жобаға1,9млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілген болатын.
Слайд 4.
Ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі мақсаты – жеңілдетілген кредит беру бағыттарының тізбесін кеңейту.
Атап айтқанда, өндірушілерді қолдауға қатысты бұрын енгізілген шектеулерді алып тастау ұсынылады. Соның нәтижесінде, жеңілдетілген қаржыландыруды тек шағын өнеркәсіптік парктердің резиденттері ғана емес, қаланың барлық өндірушілері пайдалана алады. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру жобаларын және туристік көлік қызметін дамыту бағыттарын қаржыландыру көзделіп отыр. Экология мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмаларын орындау мақсатында атмосфералық ауаны ластаушы заттардың көлемін азайтатын жабдықтарды сатып алуға бағытталған жобаларды шағын және орта кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қаржыландыру мүмкіндігі енгізілуде.
Сондай-ақ, қаланың қажеттіліктерін ескере отырып, дендробақтарды (питомниктерді), ақпараттық орталықтарды, санитарлық-гигиеналық нысандарды, бірегей стационарлық емес бөлшек сауда нысандарын және жәрмеңкелерді салу және жаңғырту жобаларын қаржыландыру мүмкіндігін қосу ұсынылады.
Бұдан бөлек, «Кепілсіз кредиттеу» құралы шеңберінде әлеуметтік кәсіпкерлерге берілетін қарыздар бойынша салалық шектеулерді алып тастау көзделуде.
Ұсынылып отырған өзгерістер Бағдарламаның тиімділігінің төмендеуіне жол бермеуге, оның практикалық сұранысын қалпына келтіруге және бюджет қаражатының нәтижелі пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Назарларыңызға рақмет!