«Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасы жарияланды.
Аталған Қағидалар Алматы қаласының инженерлік және жол инфрақұрылымы объектілерін тиісінше күтіп-ұстауды, пайдалануды және уақтылы қалпына келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру мақсатында әзірленген.
Сонымен қатар, құқық қолдану практикасына жүргізілген талдау Қағидалардың талаптарын іске асыру барысында бірқатар проблемалық мәселелердің бар екенін көрсетті.
Қағидалардың қолданыстағы редакциясында авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізудің нақты мерзімдері белгіленбеген. Бұл авариялық жағдайларды жедел жоюға бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің өздеріне жүктелген міндеттерді уақытылы орындауын объективті бағалауға мүмкіндік бермейді.
Осыған байланысты Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысының жобасы әзірленді. Жоба шеңберінде авариялық жағдайларды жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мерзімдерін нақтылау көзделген.
Баршаңызды «Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасын талқылауға қатысуға шақырамыз. Ол үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15857139 сілтемесі бойынша өтуіңізді сұраймыз.