«Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасының «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын хабарлайды.
Жоба Алматы қаласының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру, санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздікті арттыру, сондай-ақ қалдықтарды жинау мен тасымалдауды жүзеге асыратын субъектілердің қызметіне бақылауды күшейту мақсатында әзірленді.
Жобада қатты тұрмыстық қалдықтарды басқарудың Бас схемасы ұғымын енгізу, «бір учаске – бір қоқыс шығарушы ұйым» қағидатын бекіту, бекітілген тарифтерді міндетті түрде қолдану, мамандандырылған көліктерді спутниктік мониторинг жүйелерімен жабдықтау және операторлардың қызметін Бас схемаға сәйкес ұйымдастыру көзделеді.
Құжатты қабылдау қалдықтарды басқару тиімділігін арттыруға, оларды тасымалдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге, қоқыс шығарушы ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге және қалдықтарды заңсыз орналастыру тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді.
Жоба талқылауына қатысу үшін https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15852892 сілтемесі арқылы «Ашық НҚА» порталына кіруге шақырамыз.