Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Жетісу ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының
    Жетісу ауданы
    халқымен есептік кездесуінің
    ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласы №______

    2026 жылғы 11 маусым

    Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды

    Қатысқандар: тізім бойынша

    1. Т.Г. Азнабакиевті қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева, Экономика және қаржы басқармасының басшысы Б.А. Құдайбергенов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 шілдеге дейін Жетісу ауданында жаңа «Инновациялық шығармашылық орталық» (мәдениет/оқушылар сарайы) салу мәселесін қарастырсын және қорытындысы бойынша ұсыныс енгізсін.
    1. З.Я. Таировты қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін «Рахат» базарына іргелес орналасқан, ауданы 0,98 га аумақты абаттандыру бойынша ҚМЖ-ны бастауды қамтамасыз етсін және ҚМЖ-ны 2026 жылғы 25 тамызға дейін сапалы аяқтасын.

    III. А.Р. Горностаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша), Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Қазыбаев және Солтүстік айналма көшелерінің бойында көлік құралдарын заңнама талаптарын бұза отырып тұраққа қоятын ауыр жүк көлігі жүргізушілерін анықтау және әкімшілік жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-шараларды өткізсін.
    2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев, Алматы қаласы Полиция департаментінің бастығы А.Т. Қабдолдинов (келісім бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Қазыбаев және Солтүстік айналма көшелерінің учаскелерінде заңнама және жол қозғалысын ұйымдастыру талаптарына сәйкес көлік құралдарының тоқтауына тыйым салатын жол белгілерін орнатуды қамтамасыз етсін.
    1. Е.М. Салимованы қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Өтініш беруші азамат Е.М. Салимоваға Көкмайса (Дорожник) шағын ауданындағы аула аумақтарын жөндеуге қатысты толық түсініктеме берілді.
    1. Р. Усманованы қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, «Алматы жылу жүйесі» ЖШС Бас директоры А.Е. Рахимбетов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 маусымға дейін Айнабұлақ-1 шағын ауданындағы № 22–30 үйлердің аула аумақтарында авариялық қазба жұмыстарынан кейін абаттандыру элементтері мен асфальт жабынын сапалы қалпына келтіруді қамтамасыз етсін.
    1. А.А. Әбдікешеваны қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева, Экономика және қаржы басқармасының басшысы Б.А. Құдайбергенов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ратушный көшесі, 139 мекенжайында орналасқан 190 орындық балабақша салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуді аяқтау және мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
    2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ш.Ш. Тұрсынбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 шілдеге дейін В.В. Әбдікешеваның қолданыстағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары шеңберінде тұрғын үй алу мүмкіндігіне қатысты толық түсініктеме берсін.

    VII. А.А. Мұхишеваны қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы О.Б. Төлебаев, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 тамызға дейін «Kokzhiek City» тұрғын үй кешенінің инженерлік желілерін коммуналдық қызметтердің теңгеріміне беру жұмыстарын жүргізсін.
    2. Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 тамызға дейін «Kokzhiek City» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көрсеткен бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдап, жертөле үй-жайларын су басу, жер үсті суларының жиналуы және аумақты пайдалануға қатысты өзге де мәселелердің шешілуін қамтамасыз етсін.

    VIII. А.В. Зубанованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы М.С. Байдурин, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.М. Жанбыршы, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Ақпаев және Тоқтаров көшелерінің қиылысындағы реновация учаскесінде орналасқан 18 тұрғын үйдің, оның ішінде № 60 тұрғын үйдің тұрғындарын көшіру жұмыстарын бастауды қамтамасыз етсін.
    1. Д.К. Мырзабаевты қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев, Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы О.Б. Төлебаев, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 тамызға дейін Көкжиек шағын ауданының электрмен жабдықтау желілерін коммуналдық қызметтердің теңгеріміне беру жұмыстарын жүргізіп, электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
    1. Е.В. Кондратьеваны қабылдау қорытындысы бойынша
    1. «Алматы» ӘКК АҚ Басқарма төрағасы М.С. Байдурин, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Грибоедов көшесі, 91 мекенжайындағы 1949 жылы салынған бір қабатты құрылысты бұзу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.
    1. О.Н. Пучконы қабылдау қорытындысы бойынша
    1. Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 10 шілдеге дейін Айнабұлақ-3 шағын ауданындағы өзен жағалауын абаттандыру жобасын қарауға енгізсін.

    XII. И.Д. Иминовты қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін «Алматы қаласы Жетісу ауданының көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу» жобасы шеңберіндегі ҚМЖ-ны сапалы аяқтау жөнінде қажетті шаралар қабылдап, бұзылған абаттандыру мен қазылған орындардың толық қалпына келтірілуін қамтамасыз етсін.
    2. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы О.Б. Төлебаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 тамызға дейін «НКО» ЖШС мердігер ұйымы іске асырып жатқан «Алматы қаласы Жетісу ауданының көшелерінде сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу» жобасы бойынша жұмыстардың сапасына мониторинг жүргізсін және бақылауда ұстасын, бұзушылықтар немесе шарт талаптарының орындалмауы анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылдасын.

    XIII. Ю.В. Хвалынскаяны қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов, Экономика және қаржы басқармасының басшысы Б.А. Құдайбергенов, Жетісу ауданының әкімі Л.А. Жылқыбаева заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 30 тамызға дейін дайын жобалау-сметалық құжаттамасы және сараптаманың оң қорытындысы бар аула аумақтарын, оның ішінде Эйхе көшесіндегі аула аумақтарын күрделі жөндеу жобаларын іске асыруға бюджет қаражатын бөлу мәселесін пысықтап, кейіннен қаржыландыру жоспарына енгізсін.

    Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.

    Алматы қаласы әкімі

    аппаратының басшысы Е. Исабеков

    Жүктеу
    0c7943cd561bf353b7e508f1b371d006_original.10302012.pdf
    PDF · 9,8 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Түрксіб ауданында халықпен есептік кездесу ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. СатыбалдыныңТүрксіб ауданында халықпен есептік кездесуХАТТАМАСЫ Алматы қаласы №______ 2026 жылғы 13 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша М.Г. Кулакованы қабылд...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ Алматықаласы№______ 2026 жылғы 16 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша Р.А.Маймакованы қа...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

    Алматы қаласында сайлау алдындағыүгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігіҚАУЛЫ Е...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихаты «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын х...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасын талқылау жөніндегі баспасөз хабарламасы

    «Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/35...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар ен...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баяндама

    Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мандибаевтың баяндамасының тезистері

    «Almaty Business – 2030» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Құрметті Мейіржан Батырбекұлы, әріптестер! Слайд 1-2. «Almaty Business – 2030» бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан а...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысының жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» пор...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды: