Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Түрксіб ауданында халықпен есептік кездесу ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімдігі

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының
    Түрксіб ауданында халықпен есептік кездесу
    ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласы №______

    2026 жылғы 13 маусым

    Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды

    Қатысқандар: тізім бойынша

    1. М.Г. Кулакованы қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы О.К. Шабданов, Экономика және қаржы басқармасының басшысы Б.А. Құдайбергенов, Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қазанға дейін «Солтүстік айналым және Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік айрығын реконструкциялау» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтасын және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды қамтамасыз етсін.
    1. Ж.Д. Киримованы қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов (жинақтау), Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мәндібаев, Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 шілдеге дейін заңнама талаптарын сақтай отырып, Түрксіб ауданында иесіз және қаңғыбас жануарларды аулау жөніндегі іс-шараларды жүргізсін.

    III. С.Р. Михайлованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов, Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы С.Б. Әділбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Майлин көшесі, 19 мекенжайындағы учаскенің жауын-шашын және еріген қар суларының салдарынан жүйелі түрде су астында қалуын жою үшін қаланың бірыңғай арық желісіне қосылатын су бұру жүйесін салу жұмыстарын орындауды қамтамасыз етсін.
    1. М.Т. Идрисованы қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Өтініш беруші азамат М.Т. Идрисоваға Алматы қаласының Бас жоспарын түзетуге және Түрксіб ауданының аумағын дамытуға қатысты толық түсініктеме берілді.
    3. Г.А. Михееваны қабылдау қорытындысы бойынша

    4. Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін «Шемякин, Рысқұлов, Сүйінбай, Магнитная және Енисейская көшелері шаршысында сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтасын және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды қамтамасыз етсін.
    1. Л.Г. Кальчугинді қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Ахметов көшесі, 32 мекенжайындағы аула аумағын жөндеу жұмыстарын сапалы әрі уақтылы аяқтауды қамтамасыз етсін.
    3. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Е.А. Диханбаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 15 шілдеге дейін реттелетін жаяу жүргіншілер өткелін (бағдаршам объектісін) орнатудың орындылығын бағалау мақсатында № 44 мектептің жанындағы Майлин және Огарев көшелерінің қиылысындағы көлік және жаяу жүргіншілер жүктемесіне тексеру жүргізуді қамтамасыз етсін.

    VII. Д.М. Қасымованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Қала әкімінің орынбасары О.М. Смағұлов (жинақтау), Цифрландыру басқармасының басшысы Н. Сабит заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 27 маусымға дейін мобильді байланыс сапасын және Интернет желісіне қолжетімділікті жақсарту үшін Спасская көшесі бойында ұялы байланыс операторларының қосымша базалық станциясын орналастыру мәселесін пысықтасын.

    VIII. Г.Н. Сүлейменованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Жаһангер көшесі, 14 мекенжайындағы аулаішілік аумақты шағын сәулет нысандарын орната отырып абаттандыруды қамтамасыз етсін.
    1. Н.А. Морозованы қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев, Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.О. Елібаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін жаңа мектепке дейінгі білім беру нысанын салу жобасын іске асыру үшін Красногорская көшесі, 2 мекенжайындағы нысанды апатты жағдайдағы нысандарды алдын ала бұза отырып, жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға беру мәселесін кешенді пысықтасын, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржы-экономикалық аспектілерін бағаласын. Қорытындысы бойынша ұсыныс енгізсін.
    3. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы А.М. Жанбыршы заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Алматы қаласының Бас жоспарын бекіту кезінде Красногорская көшесі, 2 мекенжайындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын мектепке дейінгі білім беру нысанын орналастыру үшін өзгертуді көздесін.
    1. А.С. Истаеваны қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов заңнамада белгіленген тәртіппен Жас Қанат шағын ауданындағы Шығармашылықты дамыту орталығы құрылысының қарқынын жеделдету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын және жобаны 2026 жылғы 1 желтоқсанға дейін сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.
    1. А.Т. Мадиеваны қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін «Огарев көшесі бойында 190 орындық балабақша салу» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді аяқтасын және мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуды қамтамасыз етсін.

    XII. Л.В. Денисованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Сейфуллин даңғылы бойындағы № 6 Оқушылар үйінің ғимаратына бюджеттен тыс қаражат есебінен күрделі жөндеу және реконструкция жүргізу үшін жеке инвестор тартудың құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық тетіктерін пысықтасын. Қорытындысы бойынша ұсыныс енгізсін.

    XIII. Ж.Ж. Тауасарды қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Құрылыс басқармасының басшысы Н.Т. Нұрсағатов, Білім басқармасының басшысы С. Аралбаев, Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Қ.О. Елібаев заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 20 шілдеге дейін Жас Қанат шағын ауданындағы балабақшаның аяқталмаған құрылыс нысанын құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық салдарын талдай отырып, жеке инвесторға сенімгерлік басқаруға беру мәселесін пысықтасын. Қорытындысы бойынша ұсыныс енгізсін.
    2. Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Жас Қанат шағын ауданындағы № 1/79–1/81 үйлердің аула аумағын шағын сәулет нысандарын орната отырып абаттандыру жұмыстарын сапалы аяқтауды қамтамасыз етсін.

    XIV. С.Е. Қанабекованы қабылдау қорытындысы бойынша

    1. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.М. Шаханов, Жер қатынастары басқармасының басшысы Г.А. Көкебаева, Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 31 шілдеге дейін Қайрат шағын ауданындағы «Қонаев» ТК инженерлік желілері орналасқан жер учаскелерін сатып алуды бастасын.
    1. Е.О. Шаймұратты қабылдау қорытындысы бойынша

    2. Қала әкімінің бірінші орынбасары А.Б. Сматлаев (жинақтау), Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы Н.К. Серікбай, Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Ақежанов заңнамада белгіленген тәртіппен 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін Нұршашқан шағын ауданындағы Алатау және Сұңқар көшелері бойында асфальтбетон жабынын қалпына келтіруді қамтамасыз ете отырып, сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу жұмыстарын сапалы аяқтасын.

    Осы хаттаманың орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Е.Ш. Исабековке жүктелсін.

    Алматы қаласы әкімі

    аппаратының басшысыЕ. Исабеков

    Жүктеу
    36fc945b556d1e2bf53fc13e735685c3_original.11329427.pdf
    PDF · 11 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Наурызбай ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ Алматықаласы№______ 2026 жылғы 16 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша Р.А.Маймакованы қа...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Статистика

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Жетісу ауданы халқымен есептік кездесуінің ХАТТАМАСЫ

    Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалдының Жетісу ауданы халқымен есептік кездесуініңХАТТАМАСЫ Алматы қаласы №______ 2026 жылғы 11 маусым Қабылдауды өткізді: Д.А. Сатыбалды Қатысқандар: тізім бойынша Т.Г. Азнабакиевті қаб...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы

    Алматы қаласында сайлау алдындағы үгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

    Алматы қаласында сайлау алдындағыүгітті ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық заңының 28-бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігіҚАУЛЫ Е...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихаты «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» шешімінің жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа көлік құралдарының кіруіне шектеу енгізу туралы» Алматы қаласы мәслихаты шешімінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланғанын х...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/358 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасын талқылау жөніндегі баспасөз хабарламасы

    «Ашық НҚА» порталында Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымында авариялық-қалпына келтіру және құрылыс жұмыстарын жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 2/35...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы мәслихатының «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі №138 «Алматы қаласының аумағын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар ен...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баяндама

    Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Б.Ш. Мандибаевтың баяндамасының тезистері

    «Almaty Business – 2030» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Құрметті Мейіржан Батырбекұлы, әріптестер! Слайд 1-2. «Almaty Business – 2030» бағдарламасы ағымдағы жылдың ақпан а...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» қаулысының жобасын талқылау туралы баспасөз хабарламасы

    «Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы» КММ «Алматы қаласының аумағында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағын белгілеу туралы» Алматы қаласы әкімдігі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» пор...

    Алматы қаласының әкімдігіЖарияланды: