Жетісу облысы Панфилов ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    «Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі округ әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

    Округтің аумағы 24372 га құрайды, құрамына 10819 тұрғыны бар 4 ауылдық елді мекен кіреді. Орталығы - Атамекен ауылы, 6892 адам тұрады және қалған 3 ауылда Ават ауылында - 1448 адам, Ынтымақ ауылында – 1205 адам, Қорғас ауылында – 1274 адам тұрады. Округте 1022 кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді (оның ішінде ЖШС – 3, жеке шаруа қожалығы – 935, ЖК – 84). Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 21750 га, оның ішінде 7165 га егістік, 14000 га жайылым, 83 га шабындық, 90 га басқа (тыңайған жерлер және т.б.). Округтегі барлық ауылдар орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген, электрлендірілген, электр желілерінің тозуы 91,5% құрайды. (Атамекен ауылы, Ават ауылы, Ынтымақ ауылы, Қорғас ауылы). Ауыл аудан орталығымен байланыстыратын жолдың ұзындығы 18 шақырым болса, оның 18 шақырымы асфальтталған. Округтегі барлық ауылдар кең жолақты интернетке қосылған. Атамекен ауылында және Қорғас ауылында орналасқан 2 пошта бөлімшесі бар. Округте №11 учаскелік полиция пункті жұмыс істейді.

    ОтырысАяқталды

    Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!

    Педагогикалық қызмет – қоғамның зияткерлік, адамгершілік және мәдени әлеуетін айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Ұстаз тек білім мен кәсіби дағдыларды беріп қана қоймай, жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына, азаматтық жауапкершілік пен жоғары адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруіне зор үлес қосады. Білім беру жүйесін дамытуға және бірнеше ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз. Барша педагогтерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және шәкірттерінің алғысына бөленуді тілейміз. Сіздердің абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, құрметке ие болсын!

    6 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Үлкенге құрмет – ұрпаққа өнеге!

    1 қазан – Қарттар күніне орай Атамекен ауылдық округіне қарасты елді мекендерде қарттарымыздың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік құттықтауымызды жеткіздік. Қарттарымызға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден қалыптасқан асыл дәстүрі. Себебі ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыздың батасы – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін рухани қазына.

    2 қазан 2026 ж.Тікелей
    Сельский округ Атамекен
    ОтырысАяқталды

    АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: 2026 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

    Нұркент ауылында тұрғындармен есеп беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесу барысында ауылдық округ аумағында атқарылған жұмыстардың нәтижелері баяндалып, елді мекеннің әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен негізгі басымдықтар таныстырылып, тұрғындардың сауалдарына жауаптар берілді. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, ауылдың өзекті мәселелерін бірлесіп талқылау және оларды шешу жолдарын айқындау.

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: 2026 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

    Атамекен ауылында ауылдық округ әкімі мен тұрғындардың қатысуымен есеп беру кездесуі өткізілді. Кездесу барысында ауылдық округтің атқарылған жұмыстары қорытындыланып, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды. Жиын барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен ашық диалог орнатып, елді мекеннің дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: 2026 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

    Ават орта мектебінде ауыл тұрғындарымен әкімнің есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, елді мекеннің инфрақұрылымы, абаттандыру, әлеуметтік мәселелер және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылды.

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    АТАМЕКЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ: 2026 ЖЫЛДЫҢ 8 АЙЫНДАҒЫ НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ АЛДАҒЫ ЖОСПАРЛАР

    Ынтымақ ауылындағы Т. Пенжім атындағы орта мектебінде Атамекен ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен негізгі міндеттер таныстырылды. Жиынға ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы қатысып, елді мекеннің әлеуметтік және қоғамдық мәселелеріне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер назарға алынды.

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей