
1 қазан – Қарттар күніне орай Атамекен ауылдық округіне қарасты елді мекендерде қарттарымыздың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелік құттықтауымызды жеткіздік.
Қарттарымызға құрмет көрсету – халқымыздың ежелден қалыптасқан асыл дәстүрі. Себебі ақ жаулықты әжелеріміз бен ақ сақалды аталарымыздың батасы – кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін рухани қазына.