Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округінде «Өнерім – өмірім!» атты ардагерлер арасындағы фестиваль өткізілді.

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округінде «Өнерім – өмірім!» атты ардагерлер арасындағы фестиваль өткізілді.
    Салтанатты кешАяқталды

    Фестивальдің мақсаты – ардагерлердің өнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар ән айтып, көркем сөз оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы құрамында мемлекеттік қызмет ардагері Қанат Нұркешұлы, аудандық мәдениет үйінің директоры Мұратхан Әлдибекұлы және Дәнеш Рақышев атындағы халық театрының директоры Айдын Жұмағалиұлы болды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    2026 жылдың 17 ақпанда Атамекен ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында аудан әкімі Сағымбек Марат Рақымбердіұлының округ тұрғындармен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер, жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берілді. Тұрғындар тарапынан көтерілге...

    17 ақпан 2026 ж.Тікелей