2026 жылдың 17 ақпанда Атамекен ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында аудан әкімі Сағымбек Марат Рақымбердіұлының округ тұрғындармен кездесуі өтті.

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    2026 жылдың 17 ақпанда Атамекен ауылдық округіне қарасты Ынтымақ ауылында аудан әкімі Сағымбек Марат Рақымбердіұлының округ тұрғындармен кездесуі өтті.
    КездесуАяқталды

    Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық мәселелер, жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы мен алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берілді.

    Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен ұсыныстар мұқият тыңдалып, олардың кезең-кезеңімен шешілу жолдары түсіндірілді. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, бақылауға алынатынын атап өтті.

    Кездесу ашық диалог форматында өтіп, ауыл тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауап алды.

    Ұқсас материалдар

    Салтанатты кешАяқталды

    Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әнші-композитор Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай Панфилов аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Атамекен ауылдық округінде «Өнерім – өмірім!» атты ардагерлер арасындағы фестиваль өткізілді.

    Фестивальдің мақсаты – ардагерлердің өнерін насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық белсенділігін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар ән айтып, көркем сөз оқып, өз өнерлерін көрсетті. Әділқазылар алқасы құрамында мемлекеттік қызмет ардагері Қанат Нұркешұлы, аудандық мәдениет үйінің директоры Мұра...

    17 сәуір 2026 ж.Тікелей