
Ынтымақ ауылындағы Т. Пенжім атындағы орта мектебінде Атамекен ауылдық округі әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдық округте атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар мен негізгі міндеттер таныстырылды.
Жиынға ауыл тұрғындары мен мектеп ұжымы қатысып, елді мекеннің әлеуметтік және қоғамдық мәселелеріне қатысты өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, көтерілген мәселелер назарға алынды.