
Ават орта мектебінде ауыл тұрғындарымен әкімнің есеп беру кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, елді мекеннің инфрақұрылымы, абаттандыру, әлеуметтік мәселелер және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстар сөз болды.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірулер беріліп, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылды.