
Атамекен ауылында ауылдық округ әкімі мен тұрғындардың қатысуымен есеп беру кездесуі өткізілді.
Кездесу барысында ауылдық округтің атқарылған жұмыстары қорытындыланып, әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары бойынша жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.
Жиын барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті мәселелер бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындармен ашық диалог орнатып, елді мекеннің дамуына бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.