
Педагогикалық қызмет – қоғамның зияткерлік, адамгершілік және мәдени әлеуетін айқындайтын маңызды бағыттардың бірі. Ұстаз тек білім мен кәсіби дағдыларды беріп қана қоймай, жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына, азаматтық жауапкершілік пен жоғары адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруіне зор үлес қосады.
Білім беру жүйесін дамытуға және бірнеше ұрпақтың тәрбиесіне елеулі үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымызды білдіреміз.
Барша педагогтерге зор денсаулық, отбасылық амандық, кәсіби табыс, жаңа жетістіктер және шәкірттерінің алғысына бөленуді тілейміз. Сіздердің абыройлы еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, құрметке ие болсын!