Қызметкерлер — Қаратал ауданының әкімдігі

    Қаратал ауданының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы
    Әкім

    Досымбеков Ұлан Әлдибекұлы

    Қаратал ауданының әкімі

    Ұлан Әлдибекұлы Досымбеков 1984 жылы туған, білімі жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін құқықтану, Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын есеп және аудит, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Көксу ауданы мәслихатының бас маманы болып бастады. Әр жылдарда Көксу ауданы Алғабас ауылдық округінің әкімі, Көксу ауданы әкімі аппаратының басшысы, Көксу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2022 жылдың қарашасынан – Қаратал ауданы әкімінің орынбасары. 2023 жылдың қаңтар айынан Қаратал ауданының әкімі Хроника Жетісу облысы әкімінің міндетін атқарушының өкімімен Ерлан Шойұлы Исабеков басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қаратал ауданының әкімі лауазымынан босатылды.

    Чамиренов Мақсат Бейсбекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Чамиренов Мақсат Бейсбекұлы

    Аудан әкімінің орынбасары

    1992 жылы 19 қыркүйекте Қаратал ауданы Үштөбе қаласында туылған. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 2014 жылы Қазақстан инновациялық университетінің қаржы мамандығы, 2016 жылы «Көкше» академиясының құқықтану мамандықтарын меңгерген. Отбасы жағдайы – үйленген, екі баланың әкесі.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және жолдарҚұрылыс, сәулет және қалақұрылысы
    Үсенов Сәулет Үсенұлы
    Әкімінің орынбасары

    Үсенов Сәулет Үсенұлы

    Қаратал ауданы әкімінің орынбасары

    Білімі: жоғары, 2010 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы – әлеуметтану; 2012 жыл –Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, мамандығы - қаржы; 2017 жыл - Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы мамандығы - құқықтану, құқық магистрі дәрежесі берілді.

    Кәсіпкерлік және туризмАуыл шаруашылығы және жер қатынастары
    Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы
    Әкімінің орынбасары

    Оңғаров Айбек Нұрғазыұлы

    Қаратал ауданы әкімінің орынбасары

    Білімі жоғары, 2009 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «информатика» мамандығы, 2012 жылы У.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

    БілімДенсаулық сақтауІшкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спортӘлеуметтік қамсыздандыру

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1
    Қасымжанов Әнуар Алдабергенұлы
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Қасымжанов Әнуар Алдабергенұлы

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    08.01.2002 14.10.2002 Балқаш қаласының қазынашылық бөлімінің маманы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы. 25.03.2003 15.01.2007 ""Валют Транзит Фонд" мемлекеттік емес зейнетақы қоры" ЖАҚ-ның маманы, Аламты облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 01.09.2007 01.11.2008 Абай атындағы ОМ-нің бухгалтері, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Алмалы ауылы 09.06.2009 30.06.2011 Абай атындағы ОМ-нің бухгалтері, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Алмалы ауылы 07.10.2011 30.12.2011 "Қаратал ауданының экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлім" мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндетін атқарушы, Аламты облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 04.01.2012 02.04.2012 "Қаратал ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас маманының міндетін атқарушы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 02.04.2012 19.09.2017 «Қаратал ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 19.09.2017 17.10.2018 "Қаратал ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 18.10.2018 30.12.2021 "Қаратал ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 01.01.2022 08.01.2024 "Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-ң басшысы, Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 08.01.2024 б.к.д "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" ММ-ң басшысы

    Қала, ауылдық округтер мен кенттер (жоба)

    1
    Ким Эдуард Афанасьевич
    Қызметкерлер

    Ким Эдуард Афанасьевич

    Бастөбе ауылдық округінің әкімі

    1974 жылы 30 қазанда Қаратал ауданы Октябрь ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 1997 жылы Жетісу мемлекеттік университетін "математика пәнінің мұғалімі" мамандығы бойынша бітірді.

    Қарамағындағы ұйымдар

    1
    Жексенбаев Мәлік Мариұлы
    Қызметкерлер

    Жексенбаев Мәлік Мариұлы

    Қаратал ауданы әкімдігінің ШЖҚ "Қаратал таза су" МКК директоры

    Лауазымы, жұмыс орны, қызметі - "Қаратал таза су"ШЖҚ МКК директоры Туған жылы мен орны-21.10.1966 ж.Алматы облысы, Қаратал ауданы, Оян ауылы. Білімі-жоғары Аяқталған оқу орны: Талдықорған қаласы Қазақстан ұлттық аграрлық университеті.Мамандығы: Инженер-механик

    Бөлім

    11
    Сугралина Гүлжан Нұрбекқызы
    Қызметкерлер

    Сугралина Гүлжан Нұрбекқызы

    "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" ММ ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас инспекторы

    8 мамыр 1975 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Қараой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2005 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Тұрмыста, екі баланың анасы.

    Бейсембаева Әсел Имашқызы
    Бөлім басшысы

    Бейсембаева Әсел Имашқызы

    "Қаратал ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ-ң басшысы

    Әсел Имашқызы Бейсембаева - 1979 жылдың 2 наурызында Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ұлтты – қазақ; Білімі – жоғары, 2003 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік қатынастар академиясы бітірді, мамандығы - қаржы және несие Отбасы жағдайы – тұрмыс құрған, 3 баланың анасы.

    Экономика және қаржы
    Адаев Дияс Байсалұлы
    Бөлім басшысы

    Адаев Дияс Байсалұлы

    "Қаратал ауданының құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі" ММ-ң басшысы

    1991 жылғы 28 қарашада Кербұлақ ауданы, Сарыөзек кентінде туылған. 2022 жыл - Талдықорған жоғары политехникалық колледж Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану

    Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы
    Алпысбаев Асқар Ахметқалиұлы
    Бөлім басшысы

    Алпысбаев Асқар Ахметқалиұлы

    "Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ-нің басшысы

    1978 жылдың 27 наурызда Талдықорған облысы Көксу ауданы Мұсабек аулында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2014 жылы Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясын бітірген, мамандығы - қаржыгер

    Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт
    Қарымсақова Алмагүл Серікқызы
    Бөлім басшысы

    Қарымсақова Алмагүл Серікқызы

    "Қаратал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-і

    1973 жылы 27 қарашада Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Жоғары білімі бар, 2005 жылы Жолдасбеков атындағы институтты заңгер мамандығы бойынша бітірген. Тұрмыс құрмаған, қызы бар.

    Әлеуметтік қамсыздандыру
    Байгазинова Гаухар Нұртайқызы
    Бөлім басшысы

    Байгазинова Гаухар Нұртайқызы

    "Қаратал ауданының кәсіпкерлік және туризм бөлімі" ММ-ң басшысы

    Байғазинова Гаухар Нұртаева 1970 жылы 30 қарашада Алматы облысы, Утобе қаласында дүниеге келген. Бітірген: (1990-1992) Талды-Қорған заң колледжі, (2002-2005) Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар Академиясы.

    Кәсіпкерлік және туризм
    Саяқбаев Ілияс Маратұлы
    Бөлім басшысы

    Саяқбаев Ілияс Маратұлы

    "Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі" ММ-ң басшысы

    Саякбаев Ілияс Маратұлы - 1993 жылы 1 қаңтарда Ақсу ауданы, Жансүгіров аулында дүниеге келген. Ұлтты – қазақ. 2 жоғары білімі бар: 2015 жылы - І.Жансүгіров атындағы жетісу мемлекеттік университетін «Стандарттау сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша бітірген. 2024 жылы - С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Отбасы жағдайы – үйленген, 1 баланың әкесі

    Жер қатынастарыАуыл шаруашылығы және жер қатынастары
    Бөлекбаев Фархат Маратұлы
    Басшы

    Бөлекбаев Фархат Маратұлы

    Қаратал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы

    1990 жылы 27 мамырда Алматы облысы Қаратал ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі жоғары. 2012 жылы Алматы құрылыс және менеджмент колледжін, 2025 жылы Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. Үйленген, 2 баланың әкесі.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік және жолдар
    Жаңғабылова Әйгерім Ерікқызы
    Бөлім басшысы

    Жаңғабылова Әйгерім Ерікқызы

    Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысының м.а.

    1995 жылғы 9 тамызда Алматы облысы Қаратал ауданының Үштөбе қаласында дүниеге келдім.Ұлты– қазақ, Қазақстан Республикасының азаматшасы. 2015 жылы Гуманитарлық-экономикалық колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірдім. 2021 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алдым. Ажырасқан, 2 баласы бар

    Басқа қызметкерлер

    15
    Балшенов Талғат Жақанұлы
    Әкім

    Балшенов Талғат Жақанұлы

    Ескелді ауылдық округі әкімі

    Балшенов Талғат Жақанұлы 1967 жылы 10 шілдеде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Елтай ауылдық округі Сарыбұлақ ауылында дүниеге келдім. Еңбек жолын әр түрлі салалардан бастадым.

    Бекбосынов Рүстем Нұрәділұлы
    Әкім

    Бекбосынов Рүстем Нұрәділұлы

    Akim of Balpyk rural district

    Ақтанбеков Ерлан Ерғалиұлы, 1976 жылы 24 сәуірде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Ұмтыл ауылында дүниеге келді. Ұлты - қазақ. 1983-1986 жылдар аралығында «Ұмтыл бастауыш мектебінде», 1986 -1993 жылдар аралығында Жаңаталап орта мектебінде оқыдым. 1995 жылы Жаркент педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған колледжді 1998 жылы бітірді. 2000-2004 жылдар аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Бастауыш білім беру әдістемесі» мамандығы бойынша бітірді. 2015 - 2017 жылдар аралығында Семей қаласы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірді.

    Уалиев Талғат Рапықұлы
    Әкім

    Уалиев Талғат Рапықұлы

    Akim of Kyzylbalyk rural district

    1987 жылғы 10 сәуірінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында дүниеге келді. 1994-1998 жылдарда Елтай орта мектебінде, 1998-2005 жылдары Фрунзе атындағы орта мектеп-гимназиясында білім алып, 2010-2011 жж. ҚР әскери қатарындағы қызмет еттім. 2009 жылы Талдықорған қаласындағы Ө.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын «заңтану» мамандағы бойынша аяқтады. Үйленген, 5 баласы бар.

    Сағатбеков Медет Серғазыұлы
    Әкім

    Сағатбеков Медет Серғазыұлы

    Айту би ауылдық округтің әкімі

    1985 жылы 13 шілдеде Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. 1992-2003 жылдар аралығында Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы №13 қазақ орта мектебінде оқыды. 2003-2008 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірді. Университеттің әскери факультетінде оқыды.

    Онғаров Қуат Тәттіғалиұлы
    Әкім

    Онғаров Қуат Тәттіғалиұлы

    Үштөбе қаласының әкімі

    Қуат Тәттіғалиұлы Онғаров 1966 жылдың 18-ші қазаныңда Талдықорған облысы, Большевик ауылында дүниеге келген.Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1991-ші жылы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Отбасылы, 2 баласы бар.

    Әкімжанов Мәди Болатұлы
    Төраға

    Әкімжанов Мәди Болатұлы

    Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы

    1987 жылы 18 қазанда Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келді. 2009 жылы Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған. 209-2010 жылдары аралығында әскери қызмет атқарған. Еңбек жолын 2011 жылы Алматы облыстық жол полициясының инспекторы болып бастаған. 2012 жылы «Әзімбай» шаруа қожалығын құрып, 2023 жылға дейін басшылық еткен. 2023 жылдың наурыз айында Қаратал аудандық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

    Ашықбаев Дархан Тлеуқабақұлы
    Басшы

    Ашықбаев Дархан Тлеуқабақұлы

    "Қаратал ауданының мансап орталығы" КММ-і

    Білімі жоғары, 2009 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағыэкономика және құқық академиясының қаржы факультетін, 2019 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Жексенбаев Ербол Берікқылиұлы
    Директор

    Жексенбаев Ербол Берікқылиұлы

    "Қабылиса жырау атындағы аудандық мәдениет үйі" МКҚК директоры

    1987 жылғы 1 маусымда Үштөбе қаласында дүниеге келдім.Қазақстан Республикасының азаматымын, ұлтым – қазақ.2005 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне оқуға түсіп, 2009 жылы «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. 2010 жылы Талдықорған қаласындағы У.А. Джолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясына оқуға түсіп, 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша аталған оқу орнын бітірдім. Үйленгенмін, 2 қызым бар

    Мәдениет
    Сембекова Гүлшат Нұрахметқызы
    Директор

    Сембекова Гүлшат Нұрахметқызы

    Директор

    1.Тегі, аты, әкесінің аты – Сембекова Гульшат Нұрахметқызы 2.Лауазымы, жұмыс, қызмет орны – Қаратал ауданының орталық кітапханасының директоры 3.Туған жылы мен жері – 06.10.1972 ж. Алматы облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы. Білімі – жоғары Аяқтаған оқу орны: Талдықорған қаласы ,І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті.

    Бөкенбаев Талғат Разақұлы
    Директор

    Бөкенбаев Талғат Разақұлы

    "жылыту орталығы" ЖШС директоры

    Бөкенбаев Талғат Разақұлы 20.02.1966 жылы туған. 1973 жылдан 1983 жылға дейін Жаңаталап ауылындағы орта мектепте оқыды. 1983 жылы Талдықорған құрылыс техникумына оқуға түсті. 1984 жылдан 1986 жылға дейінгі бірінші курстан кейін әскери қызметте болды. Әскерден кейін Талдықорған құрылыс техникумында оқуын жалғастырды-1986 жылдан 1988 жылға дейін.

    Несіпбаев Нұрланбек Далыбайұлы
    Директор

    Несіпбаев Нұрланбек Далыбайұлы

    "Қаратал газеті" ЖШС директоры

    Мен,Несіпбаев Нұрланбек Далыбайұлы 1956 жылдың сәуір айының 22-ші жұлдызында Талдықорған облысы,Кербұлақ ауданы, Бостан ауылында дүниеге келдім. 1963-ші жылы Талдықорған облысы,Қаратал ауданы Көкпекті ауылындағы «1-ші май» сегіз жылдық мектебінің бірінші сыныпына бардым.10-шы сыныпты Жанаталап орта мектебінде бітірдім. 1974-1976 – шы жылдарда әскери борышымды атқардым.

    Забиев Әділбек Қазбекұлы
    Қызметкерлер

    Забиев Әділбек Қазбекұлы

    Елтай ауылдық округінің әкімі

    1983 жылғы 10 шiлде Алматы облысы Ельтай ауылында дүниеге келген. 2004 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін кәсіптік оқу және еңбек мамандығы бойынша, 2008 жылы Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясын қаржы мамандығы бойынша, 2021 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.