Қаратал ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    Жетісу облысы Қаратал ауданы әкімі аппаратының міндеті – Аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мақсатында аудан әкімі мен әкімдіктің қызметін ақпараттық-аналитикалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру. Пайым - бұл аймақтық дамудың мүдделері мен қажеттіліктерін үйлестіре отырып, ұлттық саясатты жүргізу кезінде алдына қойылған міндеттерді тиімді шешетін жоғары кәсіби мемлекеттік орган.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 15 сәуірде сағат 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында ( Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады. Сондай-ақ сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында (мекенжайы: Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y = сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    15 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жетісу облысы әкімінің Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесуі

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2025 жылғы 21 тамызда сағат 10.00-де аудандық әкімдіктің ғимаратында ( Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазылуға болады. Сондай-ақ сағат 11.00-де аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында (Үштөбе қаласы, Қонаев көшесі, 9) облыс әкімінің аудан тұрғындарымен кездесуі өтеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y = сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    21 тамыз 2025 ж.Тікелей
    Ақпарат

    ХАБАРЛАМА

    ХАБАРЛАМА Қаратал ауданы әкімдігі 2026 жылдың 10 қарашадағы өткен шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығымен 10 жыл мерзімге беру жөніндегі конкурстың жеңімпаздарын жариялайды. Лоттың нөмірі Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округі) Көлемі, га Жер учаскесінің алқап түрі Жеңімпаздың аты-жөні немесе ауылшаруашылық құрылымның атауы 1 Тастөбе 2 Суармалы егістік Сарсекулов Мади Сабитович 3 Тастөбе 17 7 га Жайылымдық алқап 10 га шабындық Қабдел Нұрмұрат 4 Тастөбе 6 Суармалы егістік Тынышбаев Ринат Танирбергенович 5 Тастөбе 6 Суармалы егістік Булгаков Елтай Даулетбаевич 6 Тастөбе 3,6 1,9 га Суармалы егістік, 1,7 га жайылымдық алқап Бердімұрат Аятбек 7 Тастөбе 4,5 Жайылымдық алқап Әлуұлы Қабей 8 Тастөбе 13.4 Шабындық Еркінбек Дәуіт 9 Тастөбе 5 Шабындық Қалымбек Иманбек 10 Тастөбе 3 Суармалы егістік Еркінбек Сәулетбек 11 Айту би 8 Суармалы егістік Урусбаева Нургуль 14 Айту би 20 Суармалы егістік Жандәулет Болатжан 16 Үштөбе 7,5 Жайылымдық алқап Бейсембаев Марат Тортаевич 17 Үштөбе 2,8 Суармалы егістік Тама-Оглы Аслан Шарифович 18 Үштөбе 3,2 Суармалы егістік Бейсембаев Марат Тортаевич 19 Бастөбе 10 Жайылымдық алқап Молдахметов Ерик Абикенович 20 Бастөбе 41 Жайылымдық алқап Жұмабай Дүйсенбек 21 Бастөбе 500 Жайылымдық алқап Ерғауан Дәлелхан 22 Бастөбе 2 Суармалы егістік Мамаева Гулмайра Амирхановна Ескертпе: 2-лот Тастөбе ауылдық округіндегі 2,5 га суармалы егістік жер учаскесіне қатысқан екі азаматтардың балл саны мен дауыс саны тең болуына байланысты 2 лот қарастырылусыз қалдырылды. Айту би ауылдық округі әкімі мен өкілінің өтініші негізінде12-13-лоттар қарастырылусыз қалдырылды Айту би ауылдық округіндегі 4,9 га суармалы егістік жер учаскесі 15- лотқа құжат тапсырған Ырысбек Бахытханның өтінімі талапқа сай болмауына байланысты 15-лот қарастырылусыз қалдырылды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама Қаратал ауданы әкімдігі, ауыл шаруашылық жерлерге конкурс ұйымдастыру мақсатында 2026 жылдың 06 қарашасында аудандық «Бастау» газетіне хабарландыру жарияланатын болады. Жетісу облысы, Қаратал аудан әкімдігі, (041000 Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9) тізімде көрестілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кестедегі лоттарға сәйкес конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды: ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ТІЗБЕСІ: Лоттың нөмірі Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық округі) Көлемі, га Жер учаскесінің алқап түрі Топырақтың сапалық сипаттамасы Орташа бонитет балы Сумен қамтамасыз етілуі і Аймақтың ауыл шаруашылығына мамандануы 1 Бәйшегір 3000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2 Қамтылмаған мамандандырылған 2 Бәйшегір 3000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2,1 Қамтылмаған мамандандырылған 3 Бәйшегір 3000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2 Қамтылмаған мамандандырылған 4 Бәйшегір 3000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2 Қамтылмаған мамандандырылған 5 Бәйшегір 2000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2 Қамтылмаған мамандандырылған 6 Бәйшегір 2000 Жайылым Әлсіз сортандау жартылай гидромафты, құмайтты жерлер 2 Қамтылмаған мамандандырылған 7 Айту би 227 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құм 5 Қамтылмаған мамандандырылған 8 Айту би 223 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құм 5 Қамтылмаған мамандандырылған 9 Бастөбе 1000 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 2 Қамтылмаған мамандандырылған 10 Бастөбе 5 1 жайылым 4 га суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 12 Қамтылмаған мамандандырылған 11 Бастөбе 8,4 суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 26 Қамтылмаған мамандандырылған 12 Бастөбе 2 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 5 Қамтылмаған мамандандырылған 13 Ескелді 4,5 суармалы егістік Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 24 Қамтылмаған мамандандырылған 14 Ескелді 5 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 8 15 Ескелді 2 Жайылым Жай солтүстік ашық сұр топырақ, құмайтты 8 Қамтылмаған мамандандырылған 16 Ескелді 31 Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 12 Қамтылмаған мамандандырылған 17 Ескелді 12 5 га суармалы егістік 7 га Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар, сұр топырақ 12 Қамтылмаған мамандандырылған 18 Қызылбалық 400 Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 16 Қамтылмаған мамандандырылған 19 Қызылбалық 400 Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 16 Қамтылмаған мамандандырылған 20 Қызылбалық 400 Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 16 Қамтылмаған мамандандырылған 21 Елтай 10 Жайылым Бекітілген адыр-бұдырлы құмдар 5 Қамтылмаған мамандандырылған Конкурсқа Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабында және «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығында көрсетілген талаптарға сай келетін ауыл шаруашылығымен айналысатын барлық тұлғалар жіберіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдау, газет бетіне жарияланғанан соң 30 күннен кейін, 15 жұмыс күн ішінде, яғни 2026 жылдың 07 желтоқсанынан бастап 28 желтоқсанына дейін қабылданады. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысуға қажетті құжаттама тізбелерін мына мекен-жайдан алуға болады: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 21 ғимаратының 2 қабаты 7 кабинеті. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдаудың (конкурстық құжаттаманы) соңғы мерзімі: 2026 жылдың 28 желтоқсан 16 сағат 00 минутқа дейін. Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұлғалар конкурсқа қатысу үшін конверттерге салынған конкурстық құжаттамаларды Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер бөліміне мына мекен-жайға табыс етіледі: Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Құсмолданов көшесі, 21, 2 қабаты, 7 кабинет. Конкурстық өтінімдер салынған конверттер 2026 жылдың 29 желтоқсаны11 сағат 00 минутта мына мекен-жайда ашылады: 041000 Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, Қонаев даңғылы 9, аудан әкімдігінің ғимараты 1 қабаты, кіші мәжіліс залында өтінім берушілерсіз өтеді. Қосымша ақпарат пен анықтама алу үшін 8(72834) 2-10-45 телефоны, факсы арқылы хабарласуға болады. Сонымен қатар,шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері; 4) конкурстық ұсыныс; 5) өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурстық ұсыныста мынадай құжаттар болуы қажет: 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсыныс, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады. Конкурстық ұсыныста өтінім беруші ұсынған міндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлігі болып табылады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдерге 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шолу enpf.kz сайтында 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебі ұсынылды "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 28 267,61млрд теңгені құрады. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 26 633,21 млрд теңгені[1] құрады. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі - 1 428,29 млрд теңге. ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 151,28млрд теңгені құрады. ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды. ҚРҰБ ұсынған ақпарат бойынша 2026 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары төмендегідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,34%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 8,27%, ҚРҰБ депозиттері – 2,63%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,50%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 1,33%, МҚҰ – 1,00%. Активтердің 37,62%-ы индексті басқару шеңберінде инвестицияланады. Бұл тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарланған инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде шара ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған елдер облигацияларының субпортфеліне, дамушы елдер облигацияларының қосалқы портфеліне, корпоративтік облигациялардың қосалқы портфеліне және акциялардың қосалқы портфеліне қатысты шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинацияланған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 58,86%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 41,13%. Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі табыс, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша кіріс 1 693,73 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер 14,15 млрд теңгені, өзге кірістер – 3,48 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасында инвестицияланған бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болып қалыптасты. 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 706,33 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 2,64%-ды құрады. 2026 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары келесідей: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 96,52%, ҚРҰБ депозиттері – 3,34%. ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады. Бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша сыйақы түріндегі кіріс – 115,80 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 23,59 млрд теңге кіріс әкелді. 2026 жылғы ққазанға дейінгі соңғы 12 айда ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 173,20 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 19,15%. ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды. Инвестициялық портфельді басқарушылар ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 206,11 млрд теңге. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 32,66 млрд теңге. Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 29,19%, РЕПО – 17,21%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 11,12%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,95%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,10%, шет мемлекеттердің МБҚ – 5,78%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,86%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,48%, МҚҰ – 1,70%. Атап кетейік, портфельдің 61,32% теңгемен, 38,22% АҚШ долларымен, 0,46% басқа валюталарда ұсынылған. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан бастап 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 9,46%. "Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері – 29,57 млрд теңге. Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 19,07%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 18,39%, ҚР ЕДБ облигациялары – 16,74%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 6,44%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 5,62%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI индексінің құрамдас бөліктерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,17%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 2,68%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 82,13%-ын, АҚШ долларымен 17,87%-ын құрайды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,75%. "BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ[2] сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,21 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 27,04%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен аспайтын) – 9,75%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,95%, ҚР ЕДБ облигациялары – 13,64%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,67%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 7,15%, ҚРҰБ ноттары – 7,98%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 6,06%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,59%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 63,79%-на, АҚШ долларымен – 36,21%. Зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі – 7,92%. "Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 91,95 млрд теңгеболды. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ЕДБ облигациялары – 16,53%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 14,97%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 10,61%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 8,82%, шетелдік мемлекеттердің МБҚ – 8,33%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 7,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 6,70%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 3,76%, МҚҰ – 1,68%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 66,95%, АҚШ долларында – 33,05% инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 8,22%. "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026 жылғы жағдай бойынша "Tansar Capital" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 1,87 млрд теңге. Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар төмендегідей: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 34,67%, Репо – 15,98%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 10,18%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,47%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,88%, АҚШ долларымен – 38,12% инвестицияланды. "Tansar Capital" АҚ зейнетақы активтерін басқаруды 2026 жылғы 8 сәуірде бастады. Зейнетақы активтерін басқаруды бастағаннан бергі кірістілігі – 0,00% құрады. "Tansar Capital" АҚ басқаруындағы қаржы құралдары инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. 01.10.2026ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 43,85 млрд теңге. ҚР ЕДБ облигацияларына – 33,30%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына – 13,44%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 11,05%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 7,88%, РЕПО – 7,17%, ҚР ҚМ МБҚ – 4,03%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,82%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 2,17%, шет ел эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 1,30% инвестицияланды. Ұлттық валютада портфельдің 77,71%-ы, АҚШ долларында 22,29%-ы инвестицияланды. Зейнетақы активтерінің 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі соңғы 12 айдағы кірістілігі – 13,95%. "Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған. Естеріңізге салайық, БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформаны іске қосқанын еске саламыз. Ол ИПБ туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіреді және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі тәсілді қамтамасыз етеді. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында). [1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда [2]01.01.2026 жылдан бастап "БЖЗҚ" АҚ "Halyk Global Markets" АҚ-дан алынған 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу туралы хабарлама негізінде "Halyk Global Markets" АҚ-ға зейнетақы жинақтарын аударуға өтініштерді қабылдауды жүзеге асырмайды

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының салымшылары зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру бойынша ең белсенді өңірлер қатарында invest.enpf.kz инвестициялық порталына жүгінетін қазақстандықтардың саны артып келеді 2026 жылғы қыркүйектен бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енді. Оған сәйкес салымшылар өз таңдауы бойынша ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған жинақтарын, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жиналған қаражатын толық көлемде жеке басқаруға бере алады. Осылайша, салымшылардың басқарушы компанияны таңдау және зейнетақы жинақтарын инвестициялау мүмкіндіктері кеңейді. Енді жинақтарды бірнеше инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) мен инвестициялық портфель арасында бөлуге болады. Бұл азаматтарға өздерінің зейнетақы капиталын басқарудың түрлі нұсқаларын пайдалануға жол ашады. Зейнетақы жинақтарын толық көлемде жеке басқаруға беру мүмкіндігі инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) жасалатын аударымдар санының өсуіне ықпал етті. Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығында жалпы сомасы шамамен 66,7 млрд теңгені құрайтын 73 456 аударым жасалса, 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы қысқа мерзімнің өзінде 56 956 аударым жүзеге асырылып, олардың жалпы сомасы шамамен 92,0 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы активтерін ИПБ басқаруына беру бойынша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысының тұрғындары ерекше белсенділік танытып отыр. Аталған кезеңдер бойынша өңірлер бөлінісіндегі толық статистикалық мәліметтер төменде келтірілген. 2026 жылғы 1 қаңтар мен 31 тамыз аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) Аударым саны Барлығы 66 659 094 302,02 73 456 Ақмола облысы 1 301 404 104,10 1 919 Ақтөбе облысы 3 786 064 527,33 4 359 Алматы облысы 24 711 228,07 066 Атырау облысы 3 943 939 767,44 3 791 Шығыс Қазақстан облысы 1 527 427 793,28 2 045 Жамбыл облысы 1 483 973 244,91 2 134 Батыс Қазақстан облысы 2 292 443 937,59 2 442 Қарағанды облысы 5 265 611 248,47 5 963 Қостанай облысы 1 930 290 043,12 2 855 Қызылорда облысы 1 746 149 958,85 2 378 Маңғыстау облысы 3 496 995 021,36 3 734 Ұлытау облысы 46 219 700,07 054 Абай облысы 1 059 677 818,21 1 685 Жетісу облысы 933 400 854,55 1 349 Павлодар облысы 3 494 934 297,77 3 575 Солтүстік Қазақстан облысы 804 079 529,47 1 160 Түркістан облысы 1 987 795 960,34 2 784 Алматы қаласы 17 633 839 058,41 16 983 Астана қаласы 10 823 707 427,56 10 278 Шымкент қаласы 3 076 428 781,12 3 902 2026 жылғы 1 қыркүйек пен 13 қазан аралығындағы деректер Өңір Аударым сомасы (теңгемен) количество переводов Барлығы 91 931 522 402,00 56 956 Ақмола облысы 1 832 771 887,08 1 414 Ақтөбе облысы 4 294 913 293,91 3 025 Алматы облысы 27 664 930,76 061 Атырау облысы 4 328 959 177,31 2 410 Шығыс Қазақстан облысы 2 511 877 675,44 1 685 Жамбыл облысы 2 104 796 055,23 1 798 Батыс Қазақстан облысы 3 000 693 685,11 1 902 Қарағанды облысы 7 147 355 461,33 4 722 Қостанай облысы 3 128 383 687,11 2 279 Қызылорда облысы 1 859 242 703,51 1 430 Маңғыстау облысы 4 550 479 005,45 2 621 Ұлытау облысы 61 280 525,21 058 Абай облысы 1 342 445 552,78 1 201 Жетісу облысы 1 451 475 574,53 1 186 Павлодар облысы 3 793 095 242,35 2 636 Солтүстік Қазақстан облысы 1 304 216 236,38 972 Түркістан облысы 2 278 055 124,56 1 806 Алматы қаласы 27 419 578 835,28 14 327 Астана қаласы 15 735 002 693,16 8 680 Шымкент қаласы 3 759 235 055,51 2 743 Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бермес бұрын салымшы басқару шарттары мен инвестициялық стратегияның ерекшеліктерін мұқият зерделегені жөн. Өйткені бұл таңдау қаражаттың қалай инвестицияланатынына және оны орналастыру барысында қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екеніне тікелей әсер етеді. Ең алдымен, ИПБ-ның инвестициялық декларациясымен танысу қажет. Бұл құжатта инвестициялаудың мақсаттары мен тәсілдері, сондай-ақ активтердің құрамына қатысты шектеулер көрсетіледі. Сонымен қатар басқарушы компания алатын комиссиялық сыйақының мөлшерін және оның қандай қаржы құралдарын пайдаланатынын анықтап алған маңызды. Әртүрлі кезеңдердегі инвестициялық кірістілік көрсеткіштеріне де ерекше назар аударған жөн. Өткен кезеңдердің нәтижелері инвестициялық портфель жұмысының тиімділігін бағалауға көмектеседі. Алайда бұрын қол жеткізілген кірістілік болашақта да дәл сондай табыс алынатынына кепілдік бермейтінін ескеру қажет. Сондай-ақ тәуекел деңгейін назардан тыс қалдырмаған дұрыс: нарықтағы жағдайға байланысты активтердің құны өзгеруі мүмкін. Басқарушы компаниялардың ұсыныстарын салыстырып, зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру шарттары туралы толық ақпаратты invest.enpf.kz инвестициялық порталынан алуға болады. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша invest.enpf.kz порталының бірегей пайдаланушыларының саны шамамен 82 мыңға жетті. Оның ішінде 27,5 мыңға жуық пайдаланушы қыркүйек айында, яғни салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктері кеңейген кезеңде тіркелген. Аталған цифрлық платформаны пайдалану арқылы әрбір салымшы басқарушы компаниялардың инвестициялық стратегияларын өз мақсаттарымен, қаржылық күтулерімен және инвестициялық тәуекелдерге дайындық деңгейімен салыстырып, жан-жақты сараланған шешім қабылдай алады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары: инвестициялық кірістің маңызы Инвестициялық кірістің қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын қалыптастырудағы маңызы арта түсті. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтері 2014 жылы БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап жинақталған инвестициялық кірістің жалпы көлемі 14,30 трлн теңгені құрады. Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдерін ескергенде, зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық кірістің үлесі – шамамен 40%. Ұзақ мерзімді инвестициялаудың маңыздылығын жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бүкіл жұмыс кезеңіндегі нәтижелері де айқын көрсетеді. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде жинақталған инвестициялық кірістілік 1 090,84%-ды құраса, осы кезеңдегі инфляция деңгейі 1 014,83% болды. Бұл көрсеткіштер зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижелерін ұзақ мерзімді кезең тұрғысынан бағалаудың маңыздылығын растайды. Зейнетақы жинақтары ондаған жылдар бойы қалыптасады. Осы уақыт аралығында түсіп отыратын зейнетақы жарналары түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, ал алынған кіріс салымшылардың зейнетақы капиталын ұлғайтып қана қоймай, одан әрі инвестициялауға қатысады. Инвестициялық кірістілік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Инвестициялау нәтижелері бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдары бойынша сыйақы түсімдеріне, олардың нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ валюта бағамдарының ауытқуына тәуелді. Жекелеген кезеңдерде нарықтық және валюталық қайта бағалау инвестициялаудың жалпы нәтижесіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Мұндай ауытқулар қаржы нарығына тән құбылыс болғандықтан, зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін ұзақ мерзімді кезеңдегі нәтижелер негізінде бағалаған жөн. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы мен қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2026 жылдың басынан бастап 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан жинақтарға есептелген инвестициялық кіріс көлемі 766,32 млрд теңгені, ал жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары бойынша 139,39 млрд теңгені құрады. Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен портфельдерін дербес таңдау жөніндегі құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер күшіне енді. Енді салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады. 2026 жылдан бастап салымшылар ИПБ ұсынатын тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілігі және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін үш инвестициялық стратегияның бірін таңдай алады. Бұл ретте әрбір ИПБ активтерді өзі таңдаған бір инвестициялық стратегия шеңберінде басқарады. Инвестициялық портфельдің әрбір түрі бойынша ИПБ қамтамасыз ететін кірістілікті бағалаудың эталондық көрсеткіші ретінде композиттік бенчмарк белгіленген. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада өзінің инвестициялық табысын көруге мүмкіндігі бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтындағы (www.enpf.kz) "Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде, сондай-ақ invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады. БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kzсайтында).

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жетісу облысы мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау)

    Жетісу облысы мәслихатыныңдепутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы АҚПАРАТ (2026 жылғы 29 қарашадағы сайлау) 2026 жылғы 1 қарашадағы сағат 18.00-гі жағдай бойынша №р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Мухамадиев Диаз Шарипбекович 1990 «DIOS FINANCE» ЖШС басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 2 Тансыкбаев Ербол Жексенбекович 1981 «Айзере» ЖК басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Бласов Бекет Жайлаубекович 1989 «NEW LIFE GROUP» ЖШС басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы Жетісу облысы Қаратал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы АҚПАРАТ №р/р Аты-жөні, тегі Туған жылы Жұмыс орны, лауазымы Тұрғылықты жері № 1 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Рақметқазынов Нұржан Нұрланұлы 1993 "Qaratal Jastary" филиалы, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, 2 Ахметбаев Ренат Мырзабекович 1983 "Казсушар" ШЖҚ РМК, электрик Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы 3 Ахметбаев Арман Бауржанович 1992 "Уштобинский" ЖШС, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 2 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Актанбеков Ерлан Ергалиевич 1976 «Қаратал ауданының БЖСМ» КММ-нің Жаңаталап ауылының спорттық кешені, спорт нұсқаушы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы 2 Байбулатов Бекзат Бейкутмендиевич 1975 "BAISAR project" ЖШС, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Абаков Берик Нуртлеуович 1977 «Білім, ағарту және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қаратал аудандық филиалы", төраға Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы, № 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Нусипкожанов Акадил Нусипбаевич 1963 "Үштөбе орман шаруашылығы", егерь Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жасталап ауылы 2 Несіпбергенов Марлен Айдарханұлы 1996 "Қаратал ауданы әкімінің аппараты" ММ, баспасөз хатшысы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Тасыбаев Руслан Шогалович 1978 "Әділет" партиясының Қаратал аудандық филиалы, төраға Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы, № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Жаксыбекова Айжан Руслановна 1990 "Жанұя" отбасын қолдау орталығы» КММ, кейс-менеджер Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 2 Ерсаин Арузат Айбекқызы 2003 «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру спорт клубы» КММ Қаратал аудандық филиалы, әдіскер Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Сарыбұлақ ауылы 3 Абенова Толкын Толегеновна 1969 "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКҚК, дәрігер Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 5 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Акбанбаева Майра Утегеновна 1962 № 51 ОМ, математика пәнінің мұғалімі Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы 2 Сакенова Дария Сериковна 1983 "Қаратал Таза Су" ШЖҚ МҚК, есепші-кассир Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Испанова Ляззат Саркытбаевна 1969 К.Тоқаев атындағы ОМ, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 6 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Күлмухамбет Әлібек Болатұлы 2003 "Almaty development project" ЖШС, жұмысшы Алматы қаласы, Төле би көшесі 2 Долдыбаев Аяз Болатұлы 1993 "E-Saraptama-KZ" ЖШС, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Байбосынов Серик Бекович 1990 «Қаратал ауданының БЖСМ» КММ-нің Қаражиде ауылының спорттық кешені, меңгеруші Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Қаражиде ауылы № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Непейн Жанна Ивановна 1980 «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ, әлеуметтік жұмысшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы 2 Губер Динара Анатольевна 1990 "Динара" ЖК, басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Астраханцева Ольга Викторовна 1971 "Қаратал аудандық орталық ауруханасы" ШЖҚ МКҚК, дәрігер Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Кішітөбе ауылы № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Қабдул Бекжан Сайлауұлы 1991 "Қабдул" ЖК, басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 2 Бекболатова Эльвира Сансызбаевна 1976 «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік көмек көрсету орталығы» КММ, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Тлеубаев Айрат Талгатович 1990 "DIOS CAPITAL" ЖШС, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Байымкожанов Омиржан Нигметжанович 1966 «Қаратал аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МҚК, ветеринар дәрігер Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 2 Ерғосаев Бейбарыс Мырзабайұлы 1994 «Қаратал ауданының БЖСМ» КММ-нің Ескелді ауылының спорттық кешені, меңгеруші Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Ескелді ауылы 3 Омирбаев Бахытжан Аскарбекович 1974 «Қазсушар» РМК, ЖФ Қаратал өндірістік бөлімшесі, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Юмашев Рустам Наильевич 1974 «Қазсушар» РМК, ЖФ Қаратал өндірістік бөлімшесі, ҚТ және ЕҚ инженері Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 2 Брянкин Евгений Александрович 1978 "Женя" ЖК, басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Ортатөбе ауылы 3 Ким Эдуард Алексеевич 1976 "Ким А.А" ЖК, басшы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы № 11 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Козыбаев Алмаз Серикжанович 1986 «Қаратал аудандық ветеринариялық станциясы» ШЖҚ МҚ Алмалы ауылының ветеринарлық пункт меңгерушісі Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Алмалы ауылы, 2 Телгараев Нурдаулет Мухамедкалиевич 1979 Кәлпе ауылының мәдениет үйі, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Кәлпе ауылы 3 Исабеков Рысхан Кобегенұлы 1995 «Жетісу облысында бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қаратал аудандық бөлімше басшысы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Кәлпе ауылы № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі 1 Исаев Самат Калияскарович 1986 Абай атындағы ОМ, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Алмалы ауылы 2 Ашикбаев Дархан Тлеукабакович 1984 "Қаратал ауданының мансап орталығы" КММ, директор Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласы 3 Акимжанов Мади Болатович 1987 Уақытша жұмыссыз Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жаңаталап ауылы

    Жарияланды: