Қоғамдағы құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі. Құқық бұзушылықтың алдын алу, оның себептері мен оған ықпал ететін жағдайларды жою, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – баршамызға ортақ міндет.
Осы бағытта Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңының негізгі бағыттары бойынша аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – тұрғындарға құқық бұзушылық профилактикасының маңыздылығын жеткізу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлығын арттыру.
Кездесу барысында аталған Заңның негізгі қағидаттары мен бағыттары түсіндіріліп, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және қоғам институттарының өзара іс-қимылы туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









