
Несіпбаев Нұрланбек Далыбайұлы
"Қаратал газеті" ЖШС директоры
Өмірбаян
Мен,Несіпбаев Нұрланбек Далыбайұлы 1956 жылдың сәуір айының 22-ші жұлдызында Талдықорған облысы,Кербұлақ ауданы, Бостан ауылында дүниеге келдім. 1963-ші жылы Талдықорған облысы,Қаратал ауданы Көкпекті ауылындағы «1-ші май» сегіз жылдық мектебінің бірінші сыныпына бардым.10-шы сыныпты Жанаталап орта мектебінде бітірдім. 1974-1976 – шы жылдарда әскери борышымды атқардым.
Әскерден келген соң, «1-ші май» совхозында құрылыс шебері болып,1984-ші жылға дейін жұмыс жасадым.1983-ші жылы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетін сырттай бітірдім.1984-ші жылдың шілде айынан бастап,сол кездегі Қаратал аудандық «Коммуниз жолы», «Путь к коммунизму» газеттерінде тілші,бөлім меңгерушісі,жауапты хатшы қызметтерін атқардым. 1998-ші жылдан 2002-ші жылға дейін «Қаратал» аудандық газетінің бас редакторы болдым. 2002-2007 жылдар арасында Республикалық «Кітап» баспасында атқарушы директор болып қызмет атқардым.Кейін Қаратал аудандық «Бастау» газетінде тілші болып,2020-шы жылдың 26-шы қаңтарынан бері «Қаратал» газетін басқарып отырмын. Қазақстан журналистер Одағының мүшесімін. «Қараталдың дертке дауа жанға шипа» кітабының авторымын.




