
Жексенбаев Мәлік Мариұлы
Қаратал ауданы әкімдігінің ШЖҚ "Қаратал таза су" МКК директоры
Өмірбаян
Лауазымы, жұмыс орны, қызметі - "Қаратал таза су"ШЖҚ МКК директоры
Туған жылы мен орны-21.10.1966 ж.Алматы облысы, Қаратал ауданы, Оян ауылы.
Білімі-жоғары
Аяқталған оқу орны: Талдықорған қаласы
Қазақстан ұлттық аграрлық университеті.Мамандығы: Инженер-механик
Басшылық жұмыс өтілі – 28,5 жыл.
Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі –3,5 жыл.
1990 жылы Жағатал ППР МТМ (сантехникалық қызмет) меңгерушісі болып жұмыс істеп бастады.
1994-1998 жылдары Жағатал ППР гараж меңгерушісі болып ауыстырылды.Объектінің шаруашылық қызметіне басшылық жасау, объектіде бухгалтерлік есеп жүргізу және тексеру.
1998 жылдан 2010 жылға дейін инженерлік және автомобиль техникасы бөлімі командирінің орынбасары (бас инженер лауазымы)болып жұмыс істеді.30131 әскери бөлімі
2011-2015 жылдары Машина механизмдерін пайдалану және жөндеу жөніндегі . "ҚТЖ "ҰК" АҚ Үштөбе электрмен жабдықтау дистанциясының филиалының басшысы.
2019 жылдан бастап Қаратал ауданы әкімдігінің "Қаратал таза су" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры болып тағайындалды
Марапатталған наградалары:
2002 жылғы 7 мамыр Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл» мерейтойлық медальімен наградталды.2002 жылдың 15 мамыр Қазақстан Республикасы Президентінің атынан медаль тапсырылды.
2002 жылғы 7 мамырдағы №865 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2009 жылдың 30 сәуірдегі №148 Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министірінің бұйрығымен ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызмет үшін»медальімен наградталды.
ҚР Қарулы Күштерінің әскерлерді пәтерлерге орналастыру Бас басқармасы 30131 әскери бөлімінің арнайы төсбелгі
30131 әскери бөлімінің 70 жылдық мерей тойына бөлімнің командирі Е.Лұқпановтың алғыс хатымен желтоқсан 2011 жыл.
«Энергетиктер»күніне орай «Қазақстан темір жолы» Акционерлік қоғамының филиалы Үштөбе электрмен жабдықтау дистанциясы құрмет грамотасымен марапатталды.




