
Үсенов Сәулет Үсенұлы
Қаратал ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Білімі: жоғары,
2010 жыл - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, мамандығы – әлеуметтану;
2012 жыл –Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы, мамандығы - қаржы;
2017 жыл - Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы мамандығы - құқықтану, құқық магистрі дәрежесі берілді.
01.2011-09.2012 жж., маман, әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары
«Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Көксу оңалту орталығы» КММ, Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы;
09.2012-05.2013 жж., Алматы облысы «Көксу ауданының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары;
05.2013-02.2017 жж., Алматы облысының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Көксу оңалту орталығы» КММ басшысының орынбасары;
03.2018-09.2018 жж., «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-нің статист, бас маман, басшысы;
09.2018-07.2022 жж., «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің бас маманы, басшысы;
07.2022-03.2023 жж., Талдықорған қаласы, «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, маркетинг бөлімінің басшысы.
2023жылдың наурызынан Қаратал ауданы әкімінің орынбасары
Отбасылық жағдайы - үйленген, қызы мен ұлын тәрбиелеп отыр.



