
Өмірбаян
Қуат Тәттіғалиұлы Онғаров 1966 жылдың 18-ші қазаныңда Талдықорған облысы, Большевик ауылында дүниеге келген.Ұлты – қазақ. Білімі жоғары. 1991-ші жылы Талдықорған педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. Отбасылы, 2 баласы бар.
1983-1984 жылдар аралығында Қаратал ауданы, Новый мир совхозында жұмысшы;
1984-1986 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын ;
1986-1987 жылдары Новый мир совхозында құрылысшы;
1987-1991 Талдықорған педагогикалық институтының студенті;
1992-1993 жылдары Новый мир орта мектебінің орыс тілі және әдебиет пәнінң мұғалімі;
1993-1999 жылдар аралығында Талдықоран қаласындағы Абай атындағы №1 мектеп-лицейінде алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі;
1999-2002 жылдарда Талдықорған қаласындағы Абай атындағы №1 мектеп-лицейдің директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары;
2002-2004 жылдары Қаратал ауданының Тельман орта мектебінің директоры;
2004-2007 жылдар аралығында Қаратал ауданы, Панфилов мектебінің директоры;
2007-2016 жылдары Үштөбе қаласының әкімінің орынбасары;
2016-2017 жылдарда Үштөбе қаласының әкімі;
2017-2023 жылдары «Жетісу облысы білім басқармасының Қаратал ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің басшысы.
26 маусым 2023 жылдан бастап Үштөбе қаласының әкімі





