Қызметкерлер — Өскемен қаласының әкімдігі

    Өскемен қаласының әкімдігі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    5
    Акышов Алмат Талгатович
    Әкім

    Акышов Алмат Талгатович

    Өскемен қаласының әкімі

    2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін «Туризм» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Алматы экономика және статистика академиясын экономика мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында білім алып, өңірлерді дамыту магистрі атанды. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі болып табылады.

    Апахаев Азамат Асылбекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Апахаев Азамат Асылбекұлы

    Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

    2015 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті) «Дүниежүзілік экономика» мамандығы бойынша аяқтады. 2025 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша тәмамдады.

    Мамарбаев Болатбек Омарбекұлы
    Әкімінің орынбасары

    Мамарбаев Болатбек Омарбекұлы

    Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

    1988 жылғы 5 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2009 жылы Риддер аграрлық-техникалық колледжін «Іс жүргізуді ұйымдастыру және архивтану» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Бизнес және басқару магистрі» мамандығы бойынша аяқтаған.

    Тилеубаев Нуржан Турсынбаевич
    Әкімінің орынбасары

    Тилеубаев Нуржан Турсынбаевич

    Өскемен қаласы әкімінің орынбасары

    2003 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Математика және физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Карагызов Азамат Кожабекович
    Аппарат басшысы

    Карагызов Азамат Кожабекович

    Өскемен қаласы әкімі аппараты басшысы

    1992 жылы 5 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген. Құқықтану және техникалық физика бакалавры біліктілігі бойынша жоғары білімі туралы 2 дипломы, сондай-ақ физика мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломы бар.

    Бөлім

    21
    Идрисов Самат Берқанұлы
    Бөлім басшысы

    Идрисов Самат Берқанұлы

    Өскемен қаласы заңгерлік бөлімнің басшысы

    1988 жылы 15 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое кентінде дүниеге келген. 2010 жылы Орталық Азия университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Сайпина Ақбота Қайратқызы
    Бөлім басшысы

    Сайпина Ақбота Қайратқызы

    Өскемен қаласы жалпы бөлімнің басшысы

    1987 жылы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылында дүниеге келген. 2010 жылы – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін, 2019 жылы-Қазақ инновациялық гуманитарлық – заң университетін бітірген.

    Салбанов Айбек Айыпұлы
    Бөлім басшысы

    Салбанов Айбек Айыпұлы

    Өскемен қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы

    1987 жылғы 26 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген. 2010 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген. 2012 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Гановичева Татьяна Александровна
    Бөлім басшысы

    Гановичева Татьяна Александровна

    Өскемен қаласы әкімінің аппараты ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет көрсету мониторинг бөлімінің басшысы

    1991 жылы 21 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында дүниеге келген. 2012 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша бітірген.

    Баубекова Кәмшат Сейсенғазықызы
    Бөлім басшысы

    Баубекова Кәмшат Сейсенғазықызы

    Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

    1975 жылы 2 желтоқсанда Семей облысы, Көкпекті ауданы, Үлгілі-малшы ауылында дүниеге келген. 2001 жылы Алматылық Экономика және статистика «Бухгалтерлік есеп және Аудит» институтының мамандығы бойынша аяқтады.

    Қасымов Дәурен Елеусізұлы
    Бөлім басшысы

    Қасымов Дәурен Елеусізұлы

    "Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ басшысы

    1975 жылдың 29 мамырында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «Сәулетші» мамандығы бойынша аяқтады.

    Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы
    Бөлім басшысы

    Арғынғазин Думанғазы Семейғазыұлы

    Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің басшысының міндетін атқарушы

    1971 жылы 26 сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген, 1993 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «География қосымша биология мамандығы» мамандығы бойынша бітірген, 1995 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономист. Мемлекеттік құрылымдардың талдаушысы».

    Білім беру
    Қоңыратов Ербол Азатбекұлы
    Бөлім басшысы

    Қоңыратов Ербол Азатбекұлы

    «Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    1983 жылы 27 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. 2004 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.

    Бөлім басшысы

    Бос орын - -

    Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

    Литвинова Елена Александровна
    Бөлім басшысы

    Литвинова Елена Александровна

    «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    1977 жылы 20 мамырда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.

    Әнуарбекова Қымбат Сәрсенбайқызы⠀
    Бөлім басшысы

    Әнуарбекова Қымбат Сәрсенбайқызы⠀

    «Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы

    1989 жылы 11 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінде дүниеге келген. 2008 жылы - Қазақстан-Американдық еркін университетінің колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша білім алған, 2011 жылы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Информатика» мамандығы бойынша білім алған, 2013 жылы-Қазақстан - Американдық еркін университетін «Экономика» мамандығы бойынша білім алған.

    Кәсіпкерлік және бизнесАуыл шаруашылығы
    Мейірманова Дәмеш Әукәрімқызы
    Бөлім басшысы

    Мейірманова Дәмеш Әукәрімқызы

    «Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

    1969 жылы 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Черняевка селосында туған.

    Сабихан Ғалымжан Асхадұлы
    Бөлім басшысы

    Сабихан Ғалымжан Асхадұлы

    Өскемен қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы

    1996 жылы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысында, Алматы қаласында дүниеге келген. 2019 жылы Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын «Режиссура» мамандығы бойынша аяқтады, 2025 жылы – Шымкент университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді.

    Үкіжар Расұл
    Бөлім басшысы

    Үкіжар Расұл

    Инспекциялау, талдау және тапсырмалардың орындалуын бақылау бөліміның басшысы

    1990 жылы 17-ақпан айында ШҚО Ұлан ауданы Бозанбай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы ШҚО С.Аманжолов атындағы университетінде «қаржы» мамандығын бітірген.

    Нұрғалиев Алмаз Болатұлы
    Бөлім басшысы

    Нұрғалиев Алмаз Болатұлы

    Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

    1983 жылы 14 сәуірде Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. 2004 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, «Музыка және ән өнері» мамандығы бойынша, 2011 жылы Шығыс Қазақстан аймақтық университеті, «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Қалиев Данияр ㅤЖаныбекұлы
    Бөлім басшысы

    Қалиев Данияр ㅤЖаныбекұлы

    Өскемен қаласы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы

    1989 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында дүниеге келген. 2011 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.

    Ерланұлы Диас ㅤ
    Бөлім басшысы

    Ерланұлы Диас ㅤ

    Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы

    1987 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылында дүниеге келген. 2018 жылы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

    Құдайбергенов Олжас Аралұлы
    Бөлім басшысы

    Құдайбергенов Олжас Аралұлы

    Өскемен қаласының қаржы бөлімнің басшысы

    1991 жылғы 5 қыркүйекте Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. 2010 жылы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2013 жылы Семей қаласындағы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    2
    Землянский Владимир Владимирович
    Әдеп жөніндегі уәкіл

    Землянский Владимир Владимирович

    Әдеп жөніндегі уәкіл

    1989 жылы 13 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. 2009 жылы Қазақстан - Америка еркін университетін «Шет тілдері» мамандығы бойынша бітірген.

    Мамарбаев Болатбек Омарбекович
    Кеңесші

    Мамарбаев Болатбек Омарбекович

    Өскемен қаласының Әдеп жөніндегі уәкілі

    1988 жылғы 5 ақпан Абай облысы, Үржар ауданы Маканшы ауылында дүниеге келген. 2013 жыл - Шығыс Қазақстан аймақтық университеті мемлекеттік және жергілікті басқару Академиясы мамандығы бойынша бітірген 2024 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясы бизнес және басқару магистрі мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    20
    Сакенова Назым Қусаинқызы
    Бөлім басшысы

    Сакенова Назым Қусаинқызы

    Персоналды басқару қызметінің басшысы

    1976 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген. 2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.