
Карагызов Азамат Кожабекович
Өскемен қаласы әкімі аппараты басшысы
Өмірбаян
1992 жылы 5 маусымда Өскемен қаласында дүниеге келген.
Құқықтану және техникалық физика бакалавры біліктілігі бойынша жоғары білімі туралы 2 дипломы, сондай-ақ физика мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломы бар.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2015 жылдың қараша айынан Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мұрағаттар және құжаттама бөлімінің бас маманы қызметінен бастады.
2016 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың қараша айына дейін Өскеменде Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында архивтер және құжаттама бөлімінің жетекші маманынан бастап әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2019 жылдың қараша айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қаңтарына дейін Самара ауданы әкімі аппаратының басшысы.
2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Өскемен қаласы әкімі аппаратының басшысы болып табылады.


