Сакенова Назым Қусаинқызы

    Персоналды басқару қызметінің басшысы

    Сакенова Назым Қусаинқызы
    Бөлім басшысы

    Сакенова Назым Қусаинқызы

    Персоналды басқару қызметінің басшысы

    Өмірбаян

    1976 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайың ауылында дүниеге келген.
    2005 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    2000–2001 жж. – Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Майемер орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі;

    2001 ж. – Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданы, №2 орта мектепте қазақ тілі мұғалімі;

    2002–2003 жж. – Өскемен қаласы №9 жергілікті өзін-өзі басқару комитетінде аудармашы;

    2004–2005 жж. – Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орта деңгейлі маманы;

    2005–2009 жж. – Өскемен қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыру-кадр секторының бас маманы;

    2009–2012 жж. – Өскемен қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы;

    2012 ж. – Өскемен қаласы әкімінің бас инспекторы;

    2012–2020 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының кадр жұмысы және марапаттау бөлімінің бас маманы;

    2020–2025 жж. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас инспекторы;

    2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап – Өскемен қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің бас инспекторы қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері