
Мейірманова Дәмеш Әукәрімқызы
«Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
1969 жылы 30 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының Черняевка селосында туған.
Білімі:
1988 жылы Өскемен құрылыс техникумының «Өнеркәсіп пен азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, «техник-құрылысы»біліктілігін алды.
2002 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің «юриспруденция» мамандығы бойынша,«заңгер»біліктілігін алды.
Еңбек жолын 1988 жылдың сәуір айынан Марқакөл ауданының автокөлік кәсіпорнында секретарь – машинист қызметінен бастады. 1988 жылдың шілде айынан ПМК-10 «ВОАПС» бірлестігінде зертханашы қызметінде істеп, жеті айдан кейін шебер мамандығына ауыстырылды. 1991 жылдың наурыз айынан бастап Марқакөл ауданының атқару комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау инженері лауазымын атқарды.Инженер МСҚБ штат бірлігінің қысқартылуына байланысты 1994 жылы Марқакөл ауданының АХАЖ бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Марқакөл ауданының қысқартылуына байланысты 1997жылдың шілде айынан бастап ШҚО Әділет басқармасының Күршім ауданы АХАТ бөлімінің Теректі учаскесінің бас маманы болып бекітіліп, кейіннен әділет органы жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу сұрақтары бойынша үзіліссіз қызмет атқарды.
2006 жылдың 4 қаңтарынан бастап ШҚО Әділет департаменті Өскемен қаласы әділет басқармасының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінбасқарды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан осы уақытқа дейін «Өскемен қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқарады.

