
Ерланұлы Диас ㅤ
Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1987 жылы 22 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Большенарым ауылында дүниеге келген. 2018 жылы - С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2021 жылы- С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.
Диас Ерланұлы - жекпе-жек спортынан екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, түрлі халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Еңбек жолын 2019 жылы «Ұлттық спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жекпе-жектен оқытушы-жаттықтырушы ретінде бастаған.
2019 - 2021 жылдары – Өскемен қаласы әкімдігінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубтары МКҚК директорының орынбасары, ШҚО, Өскемен қаласы;
2020 – 2024 жылдары - ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының «Өскемен қаласының ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ жекпе-жектен оқытушы-жаттықтырушы, ШҚО, Өскемен қаласы;
2024 жылғы 17 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы.


