
Қоңыратов Ербол Азатбекұлы
«Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
1983 жылы 27 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. 2004 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген.
2003 - 2004 жылдары - Астана қаласы Туризм және спорт департаментінің «Астана Батыр жекпе-жек клубы» МКҚК нұсқаушы-спортшысы;
2006 - 2015 жылдары – «ҚР Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің Штаттық ұлттық командалар және спорт резерві дирекциясы» РМҚК грек-рим күресінен нұсқаушы-спортшысы;
2015 - 2016 жылдары – «Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ іс жүргізуші инспекторы;
2016-2018 жылдары - Талдықорған қаласы, «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ олимпиадалық спорт түрлері және спорт резерві бөлімінің бас маманы;
2018 жылы – «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Талдықорған қаласы;
2018 - 2022 жылдары – «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Спорттың ойын түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директоры;
15.06.2022 жылдан бастап – «Өскемен қаласының дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі» ММ басшысы





