Қызметкерлер — «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ

    «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Оспанов Марат Нұрымұлы
    Қызметкерлер

    Оспанов Марат Нұрымұлы

    «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы».

    АНЫҚТАМА Оспанов Марат Нурумович 1987 жылғы 13 тамызда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2003 жылы «Бурабай» колледжіне оқуға түсіп, 2007 жылы аталған колледжді «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы осы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Халықаралық қатынастарды дамыту академиясына оқуға түсіп, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.

    Басқа қызметкерлер

    4
    Басқарма басшысының орынбасары

    Халел Әди Ахмарұлы

    «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс» басқарма басшысының орынбасары

    Халел Әди Ахмарұлы, 1994 жылғы 17 қарашада Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2016 жылы Қарағанды қаласындағы «Фемида» Заң колледжін «Заң кеңесшісі» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылғы 22 сәуір мен 2014 жылғы 20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген.

    Бөлім басшысы

    Сиваков Иван Александрович

    Аумақты жұмылдыру дайындығы және жедел жабдықтау бөлімінің басшысы

    Сиваков Иван Александрович, 1979 жылғы 24 қазанда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Үйленген, екі баланы тәрбиелеп отыр. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери институтын бітірген (жалпыәскери офицер, басқару саласының маманы). 2016 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Жамбыл Әділбек Серікұлы
    Бөлім басшысы

    Жамбыл Әділбек Серікұлы

    Аумақтық қорғаныс және әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы.

    Жамбыл Әділбек Серікұлы 1996 жылғы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Күлікөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2018 жылы Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық-техникалық академияны «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Омар Азамат Тоқтарбайұлы
    Бөлім басшысы

    Омар Азамат Тоқтарбайұлы

    Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы

    Омар Азамат Тоқтарбайұлы, 1985 жылғы 18 қазанда дүниеге келген. 2003–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінде «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша білім алған. 2007–2009 жылдары Көкшетау университетінің сырттай оқу факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған. 2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді. 2011 жылғы маусым айында Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде оқу тағылымдамасынан өтті.