
Омар Азамат Тоқтарбайұлы
Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Омар Азамат Тоқтарбайұлы, 1985 жылғы 18 қазанда дүниеге келген.
2003–2007 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтының күндізгі оқу факультетінде «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша білім алған.
2007–2009 жылдары Көкшетау университетінің сырттай оқу факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.
2010–2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентіне қарасты Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып, оқуын аяқтағаннан кейін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесі берілді.
2011 жылғы маусым айында Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінде оқу тағылымдамасынан өтті.
Еңбек жолын 2003 – 2014 жылдары азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарып, Ақмола облысының өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен төтенше жағдайлар органдарында түрлі лауазымдарды атқарды.
2014–2022 жылдары мұнай-газ және тау-кен өндіру салаларының кәсіпорындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс істеді. Атап айтқанда, Атырау облысындағы Теңіз кен орнында және Павлодар облысындағы «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің Бозшакөл тау-кен байыту комбинатында еңбек етті.
2022–2024 жылдары «SUNKAR GROUP» ЖШС-де өрт қауіпсіздігі саласының аудиторы қызметін атқарды.
2025 жылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келеді.
Бөлiмнiң қызметкерлерi:
| Бас маман | Капаргазин Жумабек Мукташевич | 76-21-37 |
| Бас маман | Михеева Елена Геннадиевна | 76-21-37 |
| Бас маман | Жантасова Аида Муратовна | 76-21-37 |
