Жамбыл Әділбек Серікұлы

    Аумақтық қорғаныс және әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы.

    Жамбыл Әділбек Серікұлы
    Бөлім басшысы

    Жамбыл Әділбек Серікұлы

    Аумақтық қорғаныс және әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы.

    Өмірбаян

    Жамбыл Әділбек Серікұлы 1996 жылғы 15 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Күлікөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары.

    2018 жылы Көкшетау қаласындағы Гуманитарлық-техникалық академияны «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

    2019 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистратурасын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2015 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жетекші маман болып бастаған.

    2017–2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне қарасты Көкшетау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы;

    2018–2021 жылдары – Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы;

    2021–2023 жылдары – жеке құрылымдарда жұмыс істеді (Kazrost Engineering Ltd. жеке компаниясында тағылымдамадан өтуші, «Тыныс» АҚ-да экономист-талдаушы);

    2023 жылғы тамыз бен қараша айлары аралығында – Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы;

    2023–2025 жылдары – Ақмола облысы әкімдігі аппаратының бас маман-инспекторы;

    2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ аумақтық қорғаныс және әскери қызметке шақыру бөлімінің басшысы.

    Бөлiмнiң қызметкерлерi:

    Бас маман Аяганов Адильбек Жумабекович 76-33-47
    Бас маман Мухамеджанов Жаркинбек Куанышевич 76-33-47

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері