Халел Әди Ахмарұлы

    «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс» басқарма басшысының орынбасары

    Басқарма басшысының орынбасары

    Халел Әди Ахмарұлы

    «Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс» басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Халел Әди Ахмарұлы, 1994 жылғы 17 қарашада Павлодар облысы Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары.

    2016 жылы Қарағанды қаласындағы «Фемида» Заң колледжін «Заң кеңесшісі» мамандығы бойынша бітірген.

    2019 жылы Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    2013 жылғы 22 сәуір мен 2014 жылғы 20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатарында мерзімді әскери қызмет өткерген.

    Еңбек жолын 2014 жылғы 29 қыркүйек пен 2019 жылғы 28 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған.

    2019 жылы Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы міндетін атқарушы болып бастаған.

    2019 жылғы қазаннан 2020 жылғы мамырға дейін – Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы.

    2020 жылғы мамырдан 2021 жылғы сәуірге дейін – Баянауыл ауданы экономиканың нақты секторы бөлімінің бас маманы.

    2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы желтоқсанға дейін – Баянауыл ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы.

    2023 жылғы желтоқсаннан 2024 жылғы қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

    2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы шілдеге дейін – Павлодар облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы.

    2025 жылғы шілдеден 2025 жылғы қазанға дейін – Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының жұмылдыру дайындығы және аумақты жедел жабдықтау бөлімінің басшысы.

    2025 жылғы қазаннан қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері