
Оспанов Марат Нұрымұлы
«Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы».
Өмірбаян
АНЫҚТАМА
Оспанов Марат Нурумович 1987 жылғы 13 тамызда Ақмола облысы, Көкшетау қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
2003 жылы «Бурабай» колледжіне оқуға түсіп, 2007 жылы аталған колледжді «Дизайн (бейіні бойынша)» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2011 жылы осы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2011 жылы Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Халықаралық қатынастарды дамыту академиясына оқуға түсіп, 2013 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуын аяқтаған.
2010 жылғы қазан айынан 2011 жылғы шілде айына дейін Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде заңгер-консультант болып жұмыс істеді.
2011 жылғы қыркүйек айынан 2012 жылғы тамыз айына дейін Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжінде құқықтық пәндер оқытушысы қызметін атқарды.
2012 жылғы қазан айынан қараша айына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Фитосанитариялық диагностика және болжамдар жөніндегі республикалық әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің Ақмола облыстық филиалында кадрлар жөніндегі инспектор болып жұмыс істеді.
2013 жылғы қыркүйек айынан 2015 жылғы наурыз айына дейін Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының әкімшілік-қаржы бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.
2015 жылғы сәуір айынан 2022 жылғы шілде айына дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің бас маманы, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғау мәселелері бойынша бас маман, кейін бас инспектор қызметтерін атқарды.
2022 жылғы шілде айынан 2025 жылғы 6 мамырына дейін Ақмола облысы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2025 жылғы 6 мамырынан 10 қыркүйегіне дейін Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында болды.
2025 жылғы 10 қыркүйектен бастап Ақмола облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
С 10 сентября 2025 года работает в должности руководителя Управления по мобилизационной подготовке, территориальной и гражданской обороне Акмолинской области.