
Жусупов Усен Куанышевич
Ақмола облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы мемлекеттік мекемесі жанындағы «Аумақтық, азаматтық қорғанысты және шақыруды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
Жүсіпов Үсен Қуанышұлы, 1974 жылғы 18 қарашада Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Имантау ауылында туған.
Білімі – жоғары. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.
1997 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша бітірген.
Әскери қызметі:
10.1998–10.1999 жылдары – мерзімді әскери қызмет атқарған.
03.2005–12.2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында келісімшарт бойынша әскери қызметші және офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет атқарған. Әскери қызметте болудың шекті жасына толуына байланысты әскери қызметтен босатылған.
Еңбек қызметі:
04.1998–10.1998, 04.2000–03.2005 жылдары – Имантау ауылдық округінің жерге орналастырушысы, ток меңгерушісі; №3 кәсіптік-техникалық мектебінің өндірістік оқыту шебері, «Көкшетау электр желілері» ЖШС-нің бақылаушысы, электрмонтері.
09.2022–08.2023 жылдары – Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің әскери кафедрасының оқытушысы.
2023 жылғы қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Ақмола облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы» ММ жанындағы «Аумақтық, азаматтық қорғанысты және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы.


