
Әмрин Дархан Өмірсерікұлы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
Әмрин Дархан Өмірсерікұлы 1990 жылғы 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында туған. 2011 жылы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика және бизнес бакалавры. 2013 жылы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика ғылымдарының магистрі. 2018 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдады, ауыл шаруашылығы бакалавры. 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады, бизнес және басқару магистрі (Executive MPA).










