
Әмрин Дархан Өмірсерікұлы
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы
Өмірбаян
Әмрин Дархан Өмірсерікұлы 1990 жылғы 3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының Сергеевка қаласында туған.
2011 жылы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика және бизнес бакалавры.
2013 жылы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика ғылымдарының магистрі.
2018 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «агрономия» мамандығы бойынша тәмамдады, ауыл шаруашылығы бакалавры.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады, бизнес және басқару магистрі (Executive MPA).
Еңбек жолын 2011 жылы "Kaspi bank"АҚ менеджері болып бастады.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сарапшысы, "ҚАЗАВТОЖОЛ" ҰК" АҚ бас маманы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап ұйымдастырушылық-инспекторлық бөлім нұсқаушысы,облыс әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі - бас маман, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарында қызмет етті.
2017 жылғы қыркүйектен 2020 жылғы наурызға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы маусымға дейін Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі болып жұмыс істеді.
2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қыркүйекке дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы мамырға дейін «Qyzyljar» АЭА басшысы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы мамырдан 2024 жылғы қыркүйекке дейін «Kazakh Invest» ҰК өңірлік директоры болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 27 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеп отыр.

