Шәймерденов Азамат Болатұлы

    СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Шәймерденов Азамат Болатұлы
    Заместитель руководителя управления

    Шәймерденов Азамат Болатұлы

    СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Шәймерденов Азамат Болатұлы 1994 жылғы 31 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Николаевка селосында туған.

    2015 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика және бизнес бакалавры.

    2017 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдады, экономика ғылымдарының магистрі.

    Үйленген, ұл тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 2014 жылы "Нұр Отан"партиясы "Жас Отан" Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының атқарушы хатшысы болып бастады.

    2015 жылдан 2017 жылға дейін Астана қаласында "Болашақ" Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық стипендиясы стипендиантттары қауымдастығында сарапшы, аға жобалық менеджер болып жұмыс істеді.

    2019 жылдан бастап 2023 жылды қоса «Есіл» өңірлік даму орталығы директорының орынбасары, директоры лауазымдарында қызмет етті.

    2023 жылғы қыркүйектен 2024 жылғы қыркүйекке дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы индустриялық-иновациялық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

    2024 жылғы 1 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері