Шамсутдинов Қанат Қайратұлы

    СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Шамсутдинов Қанат Қайратұлы
    Заместитель руководителя управления

    Шамсутдинов Қанат Қайратұлы

    СҚО әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Шәмсутдинов Қанат Қайратұлы 1985 жылғы 11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған.

    2007 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша тәмамдады.

    2008 жылдан 2012 жыл аралығында Солтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында компьютерлік техника операторы, білім ұйымдарын бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы, инвестициялық саясат және инфрақұрылым бөлімінің бас маманы – әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

    2012-2013 жылдары облыс әкімі орынбасарының бас маманы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының жинақтау-талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2013 – 2020 жылдар кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасында туризмді дамыту бөлімінің басшысы болып еңбектенді.

    2020 жылдан 2023 жылдың қазаны аралығында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туризмді дамыту және лицензиялау бөлімнің басшысы қызметін атқарды.

    2023 жылғы 1 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

    Үйленген, екі ұл тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері