
Өмірбаян
Құрмашева Майра Қанатқызы 1990 жылы 5 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Бағанаты а. дүниеге келген. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Петропавл қаласының білім бөлімінде компьютерлік техника хатшысы болып бастаған.
2010 жылдан 2012 жылға дейін – Петропавл қ. №19 бастауыш мектебінде ағылшын тілі мұғалімі (толық емес). ІІ педагогикалық санаты беріле отырып.
2015 жылғы мамырдан 2016 жылғы маусымға дейін Петропавл қ. «ATXPRO LTD» ЖШС (Langberry ағылшын тілі мектебі) – менеджері.
2016 жылғы қарашадан 2017 шілдеге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриалдық-инновациялық даму басқармасы статистигі.
2017 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қазанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриалдық-инновациялық даму басқармасының инвестициялар тарту бөлімі бас маманының м.а.
2017 жылдың қазанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриалдық-инновациялық даму басқармасының инвестициялар тарту бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың шілдесінен 2020 жылдың тамызына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың тамызынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы.
2022 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының салалық даму және елішілік құндылық бөлімінің басшысы.


