
Өмірбаян
Галеева Ләззат Зиядақызы 1979 жылы 3 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Хлеборобное ауылында дүниеге келген. Орталық Азия университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы Булаев аудандық сотының хатшысы болып бастаған.
1999 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында Булаев аудандық сотының аға инспекторы.
1999 жылдың наурызынан 2002 жылдың қаңтарына дейін М. Жұмабаев ауданы сотының хатшысы.
2002 жылдың қаңтарынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін М. Жұмабаев ауданының сот орындаушысы.
2002 жылдың қыркүйегінен 2003 жылдың наурызына дейін соттар Әкімшісінің атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бас маманы.
2003 жылдың мамырынан 2007 жылдың тамызына дейін М. Жұмабаев ауданы сотының кеңсе меңгерушісі.
2011 жылдың қазанынан 2012 жылдың маусымына дейін «Атамекен» Одағы» ҚҰЭП ЗТБ заңгері.
2017 жылғы ақпаннан 2017 жылғы сәуірге дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ сауданы дамыту бөлімінің бас маманының м.а.
2017 жылғы сәуірден 2020 жылғы маусымға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм басқармасы» ММ сауданы дамыту бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың шілдесінен 2020 жылдың қарашасына дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ сауданы дамыту бөлімінің бас маманы.
2020 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» КММ сауданы дамыту бөлімінің басшысы.


