Шарбақты ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    "Павлодар облысы Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органның және аудан әкімінің ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық саладағы қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
    Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілеріне және қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стенділерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады: 1) конкурсқа қатысуға өтінім; 2) конкурстық ұсыныс; Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты Жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді. Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады. Баяндалғанға байланысты аудандардың, облыс қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурс жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    ·
    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мемлекеттік қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. Осы Кодекстің 49-1-бабының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкімет" веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.

    ·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағаннан кейін уәкілетті орган мүгедектігі бар адамды әлеуметтік қызметтер порталына жолдайды, мүгедектігі бар адам өзінің жеке қажеттіліктеріне қарай абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынылған өнімді немесе қызметті таңдай алады.

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемейтін және еңбек делдалдығын жүзеге асыратын, мансап орталықтары деп танылатын адамдарды тіркеу қағидаларына» сәйкес). «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәсілдері: Мансап орталығы, «Электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz., «Ээлектрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы (сайт www.enbek.kz ). Мансап орталығында жұмыс іздеуші ретінде тіркелу үшін келесі құжаттарды көрсету қажет: 1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); 2)еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса); 3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса). «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін: www.egov.kz немесе «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін мәліметтер нысанын толтырады. Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. Егер Мансап орталығы үш жұмыс күні өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін қолайлы жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда Мансап орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға «Еңбек нарығы» ААЖ арқылы электрондық түрде жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешім жобасын жібереді.

    ·
    Бюджет

    Азаматтақ бюджет "бюджетті атқару сатысында" "Шарбақты ауданы әкімінің аппараты" ММ 01№08№2026 жылға

    Жарияланды:
    Бюджет

    Азаматтақ бюджет "бюджетті атқару сатысында" "Шарбақты ауданының жер қатынастары бөліміә ММ 1,08,2026 жылға

    Жарияланды:
    Қаулы

    Шарбақты ауданының шығып қалған мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін тағайындау туралы

    Шарбақты ауданының № 439 және № 466 учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағының екінші бөлігінің 1) тармақшасына және 8-тармағына сәйкес, сондай-ақ Шарбақты аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 21 шілдедегі № 68 «Шарбақты ауданының № 439 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Мақауова Жұлдыз Аманқызын, № 466 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Бегимова Гүлназ Саянбекқызын міндеттерінен босату туралы» және № 69 «Шарбақты ауданының № 439 және № 466 учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді тағайындау туралы» қаулыларына сәйкес, учаскелік сайлау комиссияларының құрамындағы өзгерістер туралы ақпарат жарияланады. Мақауова Жұлдыз Аманқызы Шарбақты ауданының № 439 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Миненко Марина Николаевна шығып қалған мүшенің орнына Шарбақты ауданының № 439 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын. Бегимова Гүлназ Саянбекқызы Шарбақты ауданының № 466 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Жүнісова Әсел Николаевна шығып қалған мүшенің орнына Шарбақты ауданының № 466 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалсын.

    Жарияланды:
    Хаттама

    Протокол общественных обсуждений решений по архитектурной, градостроительной и строительной деятельности

    Жарияланды:
    Хаттама

    Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қылыс қызметі саласындағы шешімдер бойынша қоғамдық талқылаулар хаттамасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сайлаушылармен кездесу өткізу орындары

    №р/с Қала/аудан атауы Кездесулер өтетін орын (объектінің атауы) Мекен-жай (қала/ауыл, көше, үй) 1 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік көшесі, үй 26 2 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Орловка ауылдық мәдениет үйі Орловка ауылы,1 Май көшесі, үй 38 3 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Красиловка ауылдық мәдениет үйі Красиловка ауылы, Ленин көшесі, үй 68 4 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Сосновка ауылдық мәдениет үйі Сосновка ауылы, Молодежная көшесі, үй 20 5 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Сынтас ауылдық мәдениет үйі Сынтас ауылы, Жеңіс көшесі, үй 27 6 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Богодаровка ауылдық мәдениет үйі Богодаровка ауылы, Центральная көшесі, 43 7 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Малиновка ауылдық мәдениет үйі Малиновка ауылы, Мир көшесі, 7 8 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Жылы-Бұлақ ауылдық мәдениет үйі Жылы-Бұлақ ауылы, Баратбаев көшесі, 18 9 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Хмельницкий ауылдық мәдениет үйі Хмельницкий ауылы, Ленин көшесі, 15 10 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Галкино ауылдық мәдениет үйі Галкино ауылы, Ғабдул-Уахит Хазырет көшесі, 67 11 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Арбаиген ауылдық мәдениет үйі Арбаиген ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, үй 78 12 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Алексеевка ауылдық мәдениет үйі Алексеевка ауылы, Первомайская көшесі, үй 51А 13 Шарбақты ауданы Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің "Халық шығармашылығы орталығы" мемлекеттік қазыналық комунналдық кәсіпорыны Александровка ауылдық мәдениет үйі Александровка ауылы, Жеңіс көшесі, үй 31 14 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Жаңа-ауыл ауылдық мәдениет үйі Жаңа-ауыл ауылы, 1 Мамыр көшесі, үй 15 15 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Чигириновка ауылдық мәдениет үйі Чигириновка ауылы,Тың көшесі, үй 32/А 16 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Есілбай ауылдық мәдениет үйі Есілбай ауылы, Мәңгілік Ел көшесі, үй 50 А 17 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының Шалдай ауылдық мәдениет үйі Шалдай ауылы, Ленин көшесі, үй 41 18 Шарбақты ауданы «Шарбақты ауданының мәдениет, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің «Халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық Қарабидай кәсіпорнының ауылдық мәдениет үйі Сахновка ауылы, Школьная көшесі, үй 5

    Жарияланды: