Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскесін беру тәртібі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады.

    Сауда-саттық Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген, Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

    Конкурс өткізу туралы хабарламаны жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында, аудандардың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында, арнайы ақпараттық стенділерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органының сайтында жүзеге асырылады.

    Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тапсырылады:

    1) конкурсқа қатысуға өтінім;

    2) конкурстық ұсыныс;

    Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты Жер комиссиясы Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

    Конкурс жеңімпазы бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағаланады.

    Баяндалғанға байланысты аудандардың, облыс қалаларының жергілікті атқарушы органдары ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру жөніндегі конкурс жариялағаннан кейін әрбір жеке не заңды тұлға оған қатысуға құқылы.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі ?

    Жауап

    Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен регламенттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары,...

    ·
    Сұрақ

    ЭЦҚ кілтін қайта шығару немесе жаңа ЭЦҚ кілттерін алу мерзімі аяқталды.

    Жауап

    ҚР Ұлттық куәландырушы орталық тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сізге өтінім онлайн режимде pki.gov.kz сайтында немесе қажет құжаттар жиынтығын ХҚКО-ға беру болады (сондай-ақ өтінімді тікелей ХҚКО-ға тапсыруға болады).

    ·
    Сұрақ

    Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету

    Жауап

    Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағанна...

    ·
    Сұрақ

    Жұмыссыз адам ретінде қалай тіркелуге болады?

    Жауап

    Жұмыссыз адам ретінде тіркелу үшін бірінші кезекте жұмыс іздеуші ретінде тіркелу қажет. (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен бекітілген «Жұмыс іздеп жүрген, жұмыс істемей...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабы 1-тармағына сәйкес, осы Заңның 98-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй мұқтаж...

    ·
    Сұрақ

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?

    Жауап

    «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кеше...

    ·
    Сұрақ

    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету

    Жауап

    АӘҚ үйде күтім көрсету жағдайында тұрғылықты жері бойынша еңбекке қабілетті балалары жоқ, зейнеткерлік жасқа толған жалғыз тұратын азаматтарға беріледі. Факті отбасын тексеру және азаматтың өмірлік белсенділігін бағалау актісімен анықталады. Кейін үйде күтім көрсету жағдайында АӘ...

    ·