«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында көтерме жәрдемақы кімге беріледі?
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредиттер және көтерме жәрдемақы беріледі. Бағдарламаға ауылдық жерлерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен олардың орынбасарларын қоспағанда) қатыса алады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатысуға өтінім беру үшін otbasybank.kz. порталда тіркелу қажет. Көтерме жәрдемақы алу үшін жеке куәлікті, білімі туралы дипломды, жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесін қоса беру қажет.