Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету
Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту құралдары мен қызметтері абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде көрсетіледі. Абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасы бар мүгедектігі бар адам оңалту құралдары мен қызметтерін ұсынуға өтініш береді. Өтінішті қабылдағаннан кейін уәкілетті орган мүгедектігі бар адамды әлеуметтік қызметтер порталына жолдайды, мүгедектігі бар адам өзінің жеке қажеттіліктеріне қарай абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынылған өнімді немесе қызметті таңдай алады.